Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Ақшоқы ауылдық кітапханасы

 2006 жылы Ақшоқы ауылдық кітапханасы Ақшоқы кеңшарында ашылды. Осы жылдары кітапхана қорында 3155 кітап, әртүрлі газет журналдар болған. Кітапхана ашылғанда, Касымова Айжан Құсайынқызы 3 жыл қызмет атқарды. 2009 жылы отбасы жағдайына байланысты жұмыстан босатылды. 2010-2016 жылдар аралығында кітапханашы болып Сулейменова Бақыткүл жұмыс атқарды.2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2017 қаңтар айына дейін Медеубекова Алтынай қызмет атқарды. 2017 жылы ақпан айынан бастап 2019 жыл аралығында Кененбаева Нургуль Сакеновна еңбек етті.

2019 жылдың 24 мамыр айынан бастап 27 тамыз аралығында Ляйлім Балғожина кітапханашылық қызметін атқарды.

2019 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Шолпан Мажимова кітапханашылық қызмет атқаруда.

Кітапхана Бірлік көшесі 72 де орналасқан. Кітапханада 1 компьютер, 1 принтер бар.

2006 жылдан бері кітапхана қорында 3155 дана кітап қоры бар. Жылдан жылға мемлекеттік тілде кітаптар көбеюде.Қазіргі таңда кітап қорында 3458 кітап бар.

Кітапхана – «Шет шұғыласы» газетімен, ауыл мектебімен бірігіп жұмыс атқарады.

Жылда кітап қоры жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Кітапхана заман талабына сай жаңа жиһаздармен жабдықталған. Компьютер беріліп, интернет жүйесіне қосылған. «Рабис» бағдарламасымен жұмыс жасайды

Контактілер

Сайт: Өту

Қызметкерлер