Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Қызылтау ауылдық кітапханасы

Қызылтау ауылдық кітапханасы 1968 жылы 625 кітап қорымен ашылған сол жылдары Жалғасова Аня 1972 жылға дейін жұмыс істеген.

    1972 жылдан-1978 жылға дейін Надырбаева Марал 923 кітаппен кітапханашының жұмысын атқарған. 70% орыс халқы болғандықтан, көбіне орыс кітаптар болған.

    1978 жылдан 1989 жылға дейін Қожамбердина Райхан кітапханашы болған.

    1989-1995 жылдары 2780 кітап қорымен Абильжанова Алмагуль кітапханашы қызметін атқарған.

    1995-1998 жылдары Шибутова Биғайша  кітапханашы болған.

    1998 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Раева Казкен Асқарқызы кітапханашы жұмысын атқарды.

    2016 жылдан бастап, Жетпісбай Сержан кітапханашы болып жұмыс істеп келеді.                                                                                                                                                         

    Қызылтау ауылдық кітапханасында 2016 жылы 4048 кітап бар жаңадан 120 кітап жаңа қосылды, оқырмандарға қызмет көрсетеміз. Әр мерекелерде іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері  ұйымдастырылады. Ай сайын аудан орталығына барып, семинарларға қатысып, жұмыс бабында тәжірбиелер алмасып отырады. 

Контактілер

Сайт: Өту