Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Нұраталды ауылдық кітапханасы

Нұраталды ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесі 2004 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді. Кітапхана Нұраталды ауылының мәдениет үйінде орналасқан. Оның көлемі 120 ш/м.

    Кітапханашысы Сағындық Жазира Мәжмиденқызы. Білімі орта арнаулы Ауылда 1890  тұрғыны бар. Кітапханаға 600-дей оқырмандар келеді. Кітапханада 23928 дана кітап қоры, оның ішінде қазақ тіліндегісі 15463 дана кітап. Оқырмандарға кітап берілімі 12100, оқырмандардың келімі 7260. Жыл сайын мерзімді басылымға жазылу арта түсуде. 23 дана газет болса, 14 дана журнал бар.

    Кітапханада 2 компьютер, 1 принтер, телефон, түрлі-түсті теледидармен қамтылған. Интернет жүйесі іске қосылған. Бір компьютерге рабис бағдарламасы орнатылған.

    Жаңа үлгідегі Нұраталды ауылдық кітапханасы бойынша «Сарбаздар» және «Жас қалам» атты қызығушылық клубтары жұмыс істейді. «Сарбаздар» клубының мақсаты: жастарды қаһармандыққа баулу, Отанын сүюге, достыққа әрқашанда өздерін сергек сезінуге тәрбиелеу. «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ер қолында» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. «Қазақтың ұлттық қару-жарақтары» тақырыптық сөре, «Қазақтың қанатты қызы», «Тарихта өшпес із қалдырған – ұлы тұлғалар» атты тақырыпқа шолу жасалды. Кітап көрмесіне тарихи деректер, мерзімді басылымдар арқылы, әскери әдебиеттер, көркем әдебиеттер қойылды.

    Қызығушылық клубы «Жас қалам». Мақсаты:  жас таланттарды келешекке бағдар беру, әр таланттың талабын көпшілікке паш ету. «Поэзия пайғамбары – Абай» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылған. «Жас толқын – поэзия табалдырығында» бойынша мүшайра өткізілген. Кітапханада «Бүлдіршіндер қол өнері» атты үйірме бар. «Өнер көзі – халы

Контактілер

Мекенжай: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылы
Сайт: Өту