Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Ақшатау ауылдық кітапханасы

Ақшатау ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесін 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен бекітілді.

Кітапханашы Апеева Бақыт Тельмановна білімі арнаулы орта еңбек өтілі .

Кітапхана мәдениет үйінде  орналасқан, жылу жүйесі қазандықпен жылиды, іші жылы, таза, кең қазіргі талаптарға сай жабдықталған. Аумағы 86 ш/м. Кітапхана ішіндегі жиһаздар: компьютер, түрлі-түсті  струйный принтер, байланыс қондырғысы, кітап сөрелері және т.б

Ақшатау ауылының халық саны 1145. Ақшатау ауылдық кітапханасының кітап қоры 11587  дана. Оның ішінде қазақшасы 9607.

Ақшатау ауылдық кітапханасына 31 дана мерзімдік басылымдар аламыз.

Оның ішінде оқырмандар сұранысына ие «Астана ақшамы», «Орталық Қазақстан», «Шет шұғыласы». Журналдардың атауы «Қазақстан әйелдері»,  «Айгөлек», «Қазақ әдебиеті» осы газет журналдарға сұраныс көп.

Кітапханадағы техникалық жабдықтарымыз телефон нүктесі интернет жүйесі «Мегалайн» арқылы 2012 жылы қосылған, кітапханада «РАБИС» бағдарламасы 2013 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс атқарады.

«Ардақтайық ананы» көп балалы аналармен кездесу,  «Қош келдің Наурыз» әдеби сазды кеш, «Ынтымағы жарасқан елім бар» әдебиеттерге шолу,

Тақырыптық папкалар Ахмет Байтұрсынов 140 жыл. «Шәкәрім әлемі» Ш.Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл.

Көпшілік жұмыстар: Мәуліт күніне арналған кеш. Ардақтайық ананы әдеби сазды кеш өткізіледі. Әз Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Балалардың қорғаудың халықаралық күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

Ерекше қызығушылықпен оқитын оқырмандар Серикова Күлхан апай, көбіне әдеби кітаптарды оқиды. Бабаков Сакен  шытырман оқиғаға толы кітаптарды оқиды. 3-5 сынып мектеп оқушылары келеді, балалар ертегісін оқиды.

Контактілер

Мекенжай: Акшатау ауылы, Шахтерская көшесі, 12
Телефондар: +7 (71033) 24-571
Сайт: Өту