Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Ақой ауылдық кітапханасы

 Ақой ауылдық кітапханасы жаңа үлгідегі кітапхана дәрежесін 2009 жылы Шет ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы А.Карибековтің бұйрығымен алды. Кітапхана мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан. Оның көлемі 80 ш/м. Жылу жүйесі орталықтандырылған. Күрделі жөндеуден өткізілген.

Кітапханашы Ахметбекова Шолпан Мәуленқызы білімі арнаулы орта еңбек өтілі 16 жыл. Тәттімбет атындағы өнер колледжінде кітапханашы мамандығын бітірген.

Ақой ауылының халық саны 783. 610 оқырманы тіркелген.

Жаңа үлгідегі Ақой ауылдық кітапханасында 13950 дана кітап бар, оның ішінде қазақшасы 5392 дана кітап. Оқырмандарға кітап берілімі 12100 дана, оқырмандардың келімі 6710. Кітапханада 31 дана мерзімдік басылымдар бар.

Кітапханада 1 түрлі-түсті теледидар, 1 компьютер, 1 түрлі-түсті принтер, байланыс қондырғысы, кітап сөрелері бар. Телефон нүктесі интернет жүйесі қосылған, 2012 жылдан бастап РАБИС бағдарламасы жұмыс атқарады.

Жаңа үлгідегі Ақой ауылдық кітапханасы бойынша «Шебердің қолы ортақ» қызығушылық клубы жұмыс істейді. 5-7 сынып оқушыларымен өткізіледі, айына екі рет өтеді. Оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының мәдени мұрасына деген сыйластық пен махаббатын тәрбиелеу, бойына сіңдіру мақсатында.

Контактілер

Мекенжай: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақой ауылы
Телефондар: +7 (71031) 34-564
Сайт: Өту