Кітапхана ардагерлері
Төлегенова Татьяна
Төлегенова Татьяна Павловна - орталықтандырылған кітапхана жүйесін ұйымдастырушы осы жүйенің алғашқы директоры. Ол кісі 1965 жылы Минскініңпедагогикалық инстиутының «Кітапхана ісі» бөлімін бітіріп,Қазақстанға жолдамамен келген. 1965-1976 жылға дейін аудандық көпшілік кітапханасында жұмыс істеген. 1976 – 2002 жылға дейін орталықтандырылған кітапхана жүйесініндиректоры болды. Аталған жылдары кітапханада кітап қоры 4500 дей дана кітап болған. 1977 жылы МәдениетМинистрінің марапатына ие болған. Тың игерудің - 25 жылдығына орай Мәдениет Министрінің «Кітаптарды насихаттаудағы ерен еңбегі үшін» медалімен және көптеген алғыс хаттармен мараппаталған. Қазіргі уақытта «Құрметті еңбек демалысында».
Ешанова Гүлсара
Ешанова Гүлсара Созақбайқызы 1976 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханатану - библиография мамандығы бойынша оқу бітіріп, ауданға мемлекеттік жолдамамен келді. 1976 – 2002 жылдар аралығында аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2002 жылдан бастап осы уақытқа дейін орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып қызмет атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткерлікте
Абеуова Рабиға
Абеуова Рабиға 1931 жылы 10 ақпан күні Нұраталды ауылында дүниеге келген.1949 жылы Қарағанды қаласында кітапханашы мамандығы бойынша педучилищені бітірген.1949 жылдан 1957 жылға дейін Нұраталды ауылында кітапханамеңгерушісі болып қызмет атқарған. 1957 жылдан бастап 1965 жылға дейін Ақсу-Аюлы ауылында балалар кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып қызметатқарған.1965 жылдан 1978 жыл аралығында Жұмыскер ауылында кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарған.1979 жылдан 1981 жылға дейін зейнеткерлігіне шыққанға дейін басқа салада қызмет атқарған. 1981 жылдан бастапзейнеткерлікке шыққан.
Ахметбекова Алия Матаковна
Ахметбекова Алия Матаковна родилась 08.01.1955 году в Жанааркинском районе. В 1977 году после окончания вуза была направлена в Шетский район в Центральную районную библиотеку в отдел комплектования. Потом была переведена заведующим отдела единого фонда. Там проработала до 1996 года. С 1997 года работала в Шетском районном суде заведующим в отделе канцелярии. В 2009 году была принята на работу обратно в Центральную районную библиотеку.
Айтжанова Жұмакүл
Айтжанова Жұмагүл 1952 жылы 7 наурызда туылған. Қарағанды мәдени – ағарту училищесінің түлегі. Аудандықорталық кітапханада – кітапханашы болып қызмет атқарған. Жанұясында 4 баласы бар. Балалары жоғарғы білімді әр салада қызметатқарып еңбек етуде. Бүгінгі күнге дейін 1975 – 2013 жылға дейін аудандық орталық кітапхана жүйесінде кітапханашы болып қызмет атқарып келген. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста
Ақбұзауова Нәсіпжан
Акбузауова Насипжан Тазабековна с 1965 года проработала в детской библиотеке. По болезни была вынуждена уволиться по собственному желанию.
Аубакирова Нағима Рахматолақызы
Аубакирова Нағима Рахматолақызы 1976 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың қыздар мемлекеттік педагогикалық институтының кітапханатану - библиография мамандығы бойынша оқу бітіріп, ауданға мемлекеттік жолдамамен келді. 1976 – 2011 жылдар аралығында аудандық орталық кітапхананың кітап қорынын реттеп-жинақтау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Кітапхана ісін дамытудағы адал еңбегі үшін 2002 жылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Аубакирова Нағима Рахматолақызы аудан әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері» жүлдесіне ие болды. Қазіргі уақытта зейнеткерлікте.
Кинашева Оразкүл Алиханқызы
Кинашева Роза Алиханқызы, 1952 жылдың 21-шілдесінде Шымкент қаласында туған.1959 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс аулында орта мектептің бірінші сыныбына оқуға барып, мектепті 1969 жылы бітіріп, сол жылы ауылда жұмысшы болып істеді. 1970 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1974 жылы осы институттың « Кітапханатану және библиография » мамандығы бойынша бітірді. 1974 жылы бітіргеннен кейін Қызылорда облысы, Сырдария ауданының балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1976 жылдан бастап Ақадыр кентінің көпшілік кітапханасының кітапханашысы, 1989 жылдан Ақадыр ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, 1998 жылы Ақадыр ауданының таралуына байланысты, Шет ауданына қарасты Ақадыр ауылдық С. Сейфуллин атындағы кітапхананың меңгерушісі болып болып қызмет етіп, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Құрметті еңбек демалысында.
Жамалова Күлпан
Жамалова Күлпан 1958 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқаауданы,СәкенСейфуллинауылында дүниеге келген. 1978 жылы Технический училище ТУ22 почтовой оператор мамандығын тәмамдаған. 1982 жылдан бастап 1995 жылға дейін Сәкен Сейфуллин ауылдық кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарған. Кейінен 2008 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында Батық ауылдықкітапханасында қызмет атқарды. Қазіргі таңдазейнеткірлікте.
Ысқақова Мәнзила Қапанқызы
Ысқақова Мәнзила Қапанқызы 1952 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақтайлақ селолық кеңесі, Аққора ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына түсіп, 1974 жылы «кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бітірген. 1975 жылдың қазан айынан 1983 жылдың тамызына дейін Өспен бұқаралық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған. Сол жылы Өспен ауылында балалар кітапханасы ашылып, сол кітапханаға кітапханашы болып орналасқан. 1997 жылы балалар кітапханасының қысқаруына байланысты Өспен ауылдық кітапханасына кітапханашы болып ауысқан. 2013 жылы зейнеткерлікке шыққан. Марапаттары: 1981 жылы Ақадыр кенттік мәдениет бөлімінің грамотасы. 1988 жылы Ақадыр кенттік партия комитетінің грамотасы. 2001 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаты. 2006 жылы Шет ауданы әкімінің құрмет грамотасы. 2006 жылы Аудандық мәдениет және тілдерді жамыту бөлімінің меңгерушісі Г.Ахметовадан алғыс хат. 2007 жылы Қарағанды облысының әкімі К.Мұхамеджановтың құрмет грамотасы. 2009 жылы Шет ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Карибековтан алғыс хат. 2010 жылы Шет ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Карибековтан құрмет грамотасы.
Құнанбаева Айжамал
Құнанбаева Айжамал 1956 жылы 18 шілдеде Қарағанды облысы Шет ауданы Үңірек ауылында дүниеге келген. 1973 жылы 12 желтоқсанда Шет совхозының Құттыбай ауылының бастауыш мектебінде сабақ берген. 1978 жылы отбасын құруына байланысты Шет ауданының балалар кітапханасына кітапханашы болып жұмысқа орналасты. 1992 жылы Шет аудандық орталық кітапханасына ауысты.1996 жылы Штаттың қысқартуына байланысты жұмыстан шықты. 2002 жылдан бастап зейнеткерлікте.
Сакипова Сарықыт
Сакипова Сарықыт Шалғымбекқызы 1955 жылы 22 шілдеде дүниеге келген.1973 жылы орта мектепті бітіріп,1986 ж Қарағанды қаласында Мәдениет ағарту училищесіне түскен. 1975 жылы 10 қазан айында Аудандық көпшілік кітапханасына оқу залына меңгерушісі болып жұмысқа орналасқан. 1977 жылы Алматыға біліктілігін көтеру бойынша дәріс алған. 1983 ж Аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалған. 2003 жылы Аудандық балалар кітапханаға абонемент кітапханашысы болып орналасқан. Осы жылдарда Облыстық Мәдениет Басқармасының алғыс хаттармен «Құрмет» грамоталарымен марапатталған. 2013 жылы Аудан әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Жанұяда жолдасы, үш баласы бар. Балалары жоғары білімді, әр салада қызмет атқарады. Сегіз немересі бар. Қазіргі таңда зейнеткерлікте.
Бельгужанова Гүлнар Рысканқызы
Бельгужанова Гүлнар Рысканқызы 1954 жылы 7 қарашада дүниеге келген. 1975 жылы Жезқазған мәдени ағартуучилищесіне түсіп, 1977 жылы тәмәмдаған. Жолдама бойынша Шет ауданына келген, аудандық орталықкітапханада жұмыс атқарған. 2013 жылдан
Биғарашева Кенжебала
Биғарашева Кенжебала 1954 жылы 21 тамызда Шет ауданы, Кеншоқы ауылында дүниеге келген. 1971 жылы он жылдықты бітіріп, 1972 жылдан осы уақытқа дейін осы аудандықорталық кітапхана саласында қызмет істеді. Жұмыс істейжүріп Қарағанды қаласындағы бұрынғы мәдени – ағарту училищесін бітірді. Осы бір ғана салада қырық жылдай еңбек еткен. Отбасында 2 баласы бар үйленген,немерелері бар. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.
Ахметова Гүлшара Қамиқызы
Ахметова Гүлшара Қамиқызы – мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» «Еңбек ардагері» белгілерінің иегері.
Ахметова Гүлшара Қамиқызы 1957 жылдың қазан айының 19 жұлдызында Қарағанды облысы,Шет ауданы, Ақбауыр ауылында туған.Білімі - жоғары.Жалпы еңбек өтілі – 43 жыл.
1964 жылы ауылдық мектептің бірінші сыныбына барып,1974 жылы Нұраталды орта мектебін бітіріп, еңбек жолын аудандық мәдениет бөліміне қарасты ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі қызметінен бастаған.
Гүльшара Қамиқызы 1975 – 1978 жылдары Сәтбаев қаласындағы Жезқазған облыстық мәдени ағарту училищесінің «Мәдени – сауық жұмыстарын ұйымдастырушысы», «Хор дирижері» факультетін бітірген.
Ұздік студент,училищенің өміріне белсене қатысушы , ұйымдастырушы ретінде 1977 жылы оқу орнынан партия қатарына қабылданған.
Диплом алысымен арнайы жолдамамен Шет ауданының мәдениет бөліміне келіп, аудандық мәдениет үйіне инструктор болып орналасады.Қызметтен қол үзбей жүріп,жоғарғы оқу орны – Жезқазған педагогикалық университетінің «филология» факультетіне оқуға түсіп, « филолог» мамандығын алады.
Осы салада біраз жыл еңбек етіп, тәжірбие жинақтаған жас маманды аудандық партия комитетінің нұсқауымен Балалар үйінің директоры (Дом пионеров и школьников), 1984 – 1989 жылдары аудандық киножүйесінің директоры қызметтерін атқарып,1989 жылдан – 2009 жылға дейін Шет ауданының мәдениет саласын 20 жыл басқарады.
20 жылдай ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметін атқарған кезде ауданның мәдениет ошақтары мен кітапхана жүйесін дамытуға, оның ішінде бірнеше ауылдық кітапханаларға « Жаңа үлгідегі кітапхана» атануына зор үлес қосып, барлық қажыр – қайраты,білімі мен күш жігерін салып, ауданның қоғамдық – мәдени дамуына атсалысады.
Гүлшара Қамиқызы жас кезінен өнерге құштар,ұлттық аспаптарда ойнауды ұнататын, Ұйымдастырушылық қабілетімен танылып, еңбек етіп жүрген кезінде де әрдайым қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.
Еңбек еткен уақыттарында Шет ауданы әкімінің, аудандық маслихаттың,облыстың Мәдениет департаментінің,Облыс әкімінің және Мәдениет Министірлігінің «Алғыс хаттарымен» және «Құрмет грамоталарымен» бірнеше рет марапатталған.2010 жылы Облыс әкімінің «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясына,2015жылы Аудан әкімінің «Үздік кітапханашы» номинацияларымен марапатталды.Бірнеше рет республикалық, облыстық,аудандық газет беттерінен мақала шығарылды.
Гульшара Қамиқызының аты Республикалық «Қазақстан әйелдері»журналының энциклопедиясына енгізілді
2008 жылдан 2015 жыл аралығында КММ Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары қызметімен қатар аудандық балалар кітапханасын басқарады.
Қазырғы уақытта аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапханашы-тәлімгер болып қызмет етеді.
Г.Ахметова – отбасындағы береке – бірліктің ұйытқысы, асыл жар, ардақты ана,сүйікті әже. Жұбайы Мейраммен бірге 1 ұл,2 қызды тәрбиелеп,қазір немере – жиендерінің қызығын көруде.Балалары жоғары білімді мамандар,ұлы Бағлан – Ақсу – Аюлы ауылының әкімі, қызы – Ляззат аудандық қорғаныс бөлімінің маманы, кіші қызы Арайлым -Қарағанды қаласында тұрады,ұстаз
Гүлшара Қамиқызы – ұжымда абыройлы ,елгезек,кішілерге әрдайым өзінің тәжірибесін аянбай үйретуден жалықпайтын үлкен жүректі адам.
Жалпы еңбек жолын бастағаннан бастап өзі басқарған мәдениет саласында және бүгінгі күнгі атқарып отырған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Тәуелсіз Республикамыздың өсіп, өркендеуі жолында шын пейілмен іскерлікпен күш жігерін салып еңбектенуде.
Жахметбекова Күмісай Рысқұлбекқызы
4 наурыз 1960 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы , Ақжал кентінде дүниеге келген. 1986 жылы Қарағанды мәдени-ағарту училищесін тамамдаған. Кітапхана саласында 1977- 2020 жылдары жұмыс атқарды. 2020 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шықты.
Марапаттары: 2019 жылы Мәдениет министірілігінен «Мәдениет ісінің үздігі» төсбелгісі, куәлік №1525 , 2017 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай "Ауылдың үздік кітапханашысы" номинациясы , 2016 жылы Шет ауданы әкімінің "Үздік кітапханашы" номинациясы иегері.
Бакирова Боранкүл Кадыровна
Бакирова Боранкүл Кадыровна 22 ақпанда 1961 жылы Жарылғап батыр ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Жарылғап батыр ауылдық орта мектеп табалдырығын аттап, 1978 жылы аталған мектепті тәмәмдаған.
1978 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педогогикалық Институтына түсіп, 1982 жылы «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Балхаш қаласындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде кітапханашы болып бастаған.
1985 жылы Ақшатау ауылының мәдениет үйінің басшысы;
2006 жылы Босаға ауылдық кітапханасында кітапханашы;
2008 жылы Ақадыр кенттік балалар кітапханасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2014 -2020 жылдары Акадыр балалар кітапханасында кітапханашы болып жұмыс атқарды. 2020 жылы тамыз айында зейнет демалысына шықты.
Марапаттары: 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген шарада «Өнерлі кітапханашы» номинациясымен; Ақадыр кент әкімнің «Құрмет грамотасы» 2018 жылы атанды.