Жәнібек Әлиманмен «Тұнық жырдың тұмары» атты тікелей эфир өтті.

Шет аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 13 мамыр күні сағат 15:00 де Өспен ауылының тумасы, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, «Серт» жыр кітабы жинағының авторы-Жәнібек Әлиманмен «Тұнық жырдың тұмары» атты тікелей эфир өтті. Эфир барысында оқырмандарымыздан және кітапхана тарапынан қойылған сұрақтарға көңіл толарлықтай толықтай жауап берді. Оқырман көрермендерімізге өзінің шығармашылығынан бір өлең жолдарын арнады. Қорытындылай келе оқырмандарымызға жылы тілек лебізін білдіріп, тікелей эфирімізді аяқтадық. Кітапхана ұжымына алғыс білдірді. Төмендегі сілтемелер арқылы толық видеосын көре аласыздар.
https://vk.com/id225397276?w=wall225397276_277%2Fall
https://www.facebook.com/BibliotekaShet/videos/2766262580261547