Тел.: +7 705 777 7788 Кіру
image description

Өмір Кәріпұлы

Өмір Кәріпұлы - 1940 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы «Дружба» кеңшары аталған Байдалы би ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы аяқталуға жақындаған 1944 жылы б

ір отар қойға ие әкесі бос жатқан мекенге қоныстану мақсатындағы көшті атамекеніне бастап келеді.

   Болашақ қаламгердің балалық шағы алыстағы малды ауылда өтті. Атасу, Шажағай өзендерінің балығын аулады. Сарықұлжа, Тайатқан-Шұнақ, Бәйбіше тауларының жуасын терді.

  Он жылдықты Жаңаарқа ауданының орталығындағы орта мектепте бітірген. ҚарПИ-дің филология факультетін бітірген. Ауыл мектептерінде жиырма жыл ұстаздық қызмет атқарған. 1980 жылдан бері Ақадыр ауданында түрады. Аудандық «Ақадыр таңы» газетінде журналистік мектептен өтті. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. 1997—2003 жылдары аудандық «Заман» газетінде қызмет атқарды. Ұлттық дәстүр-салттың қанат жоюына, тіл мен діннің жандануына үлес қосты. Оның бастамасы бойынша Ақадыр өңірінде «Бүркітші қансонарда» деген облыс аралық бүркітшілер жарысы өтіп тұрды. «Қымызмұрындық» мереке-жәрмеңкесі жалғасын тапты. Билер сайысы, ақындар сайысы, тіл мерекесі аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен жүйелі өтіп тұрды. Қоғам жетекшісінің бастамасымен Ақадырда 1992 жылы мешіт ашылды.

   Өмір Кәріпұлы – шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Алғашқы қалам алды жырлары аудандық «Жаңаарқа» газетінде жарияланды.

   Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде топтама жырлары шығып тұрды. Жазушы поэзиядағы мүмкіндігін прозада байқатып, әңгіме-повес жанырында қаламгерлік қарымын таныта білді.  Проза жанрында «Сарыбел сазы» (1977 ), «Атасының баласы» (1980), «Есік тоған» (1985), «Бұрқақ» (1991), «Тайталас» (2001), «Серілер мен перілер» (2003) кітаптарын ұсынды.

   Жаңаарқаның түлегі. Еңбек жолын Қызылтау мектебінде мұғалімдіктен бастаған. 1960.1978-97ж. Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газетінде, Ақадыр аудандық мәдениет бөлімінде, шығармашылық жұмыста болды. 1990-97ж аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы. 1970ж шығармашылық жұмыста. «Сарыбел сазы» 1977, «Атасының баласы» 1980, «Ескі тоған»1985 әңгімелер мен повестер жинағы, «Бұрқақ» 1991жылы романы жарық көрді «Тайталас» романы. «Серілер мен перілер», «Тамызық» және «Сыбаға» кітаптары бар.

  Алыстағы қойлы ауылдардың қоңыр тіршілігі, туған жердің өзіндік келбеті жазушы жүрегіне ертерек орнаған еді. Содан да далаға деген аңсауын, сағынышы мен мұңын өлең жолдарына  түсірді. Қаламын қатайтып алған соң прозаға ойысқан. Ө.Кәріпұлы-табиғат жыршысы. Ата қоныстан тапжылмай, ауыл адамдарының арманы мен мұңын, сағынышын, махаббатын әңгіме-повестеріне арқау етіп келеді. Ауылдық мектепте жиырма жыл ұстаздық қызмет атқарды. «Жаңаарқа», «Ақадыр таңы», «Заман» газеттерінде журналистік шеберлігін шыңдады. Ө.Кәріпұлы- қалам қайратын әлі де бәсеңдеткен жоқ.

  Өмір Кәріпұлы – 1986 жылы СССР  Ж азушылар Одағының мүшелігіне өткен. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақадыр ауданы таратылып, Шет ауданының құрамына қосылғаннан кейін 1998-2003 жылдар аралығында аудандық «Заман» газетінде тілшілік қызмет атқарды. Бұрынғы Ақадыр ауданының «Құрмет азаматы» боп табылады. Қазақтың ақиық ақыны Сәкен Сейфуллинге, атақты күйші Сайдалы сары Тоқаға, Әбікен Хасеновке арнаған хикаяттарының көркемдік деңгейі жоғары. Оқырманнан тәуір бағасын алған шығармалар.

   Ол отыз жылдан бері Ақадыр кентінде тұрады. Жаңаарқа шет өңірінің заңды тумасы саналады.

 

                                         Пайдаланылған  әдебиеттер:

Қарағанды  облысы [Мәтін] / Энциклопедия. – Алматы : Атамұра  2006 .- 287 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : Қазақ  ақпарат, 2011. – 104 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-204 б.

 

Ол туралы:

Қарағанды  облысы [Мәтін] / Энциклопедия. – Алматы : Атамұра  2006 .- 287 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : Қазақ  ақпарат, 2011. – 104 б.

Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-204 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:

Әбілдинов, Қ. Сматайдың Софысы [Мәтін] / Қ. Әбілдинов // Қазақ әдебиеті.- 2009.- 23-29 қазан (№45).-11 б.

Рахымжанов, Қ. Өмір аға [Мәтін] / Қ. Рахымжанов // Шет шұғыласы.- 2010.- 18 қараша (№47).-6 б.

Сарғасқаева, Қ. «Елім деп еміренді, жыр толғап тебіренді» атты кеш. [Мәтін] / Қ. Сарғасқаева // Шет шұғыласы.- 2010.- 18 қараша (№47).-6 б.

Кәріпұлы, Ө. Жоғалып табылған махаббат [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Қазақ әдебиеті.- 2011.- 17-23 маусым (№24).-9 б.

Ақсұңқарұлы, С. «Табаны жерде тұрғанда, тапжылмайтұғын антейдей» [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Жас Алаш.- 2011.-23 маусым (№23).-5 б.

Кәріпұлы, Ө. Балтыр [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Қазақ әдебиеті.- 2012.- 5 қазан (№41).-9 б.

Кәріпұлы, Ө. Тоқсандағы топжарған [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // 2013.- 18 мамыр (№77-78).-5 б.

Кәріпұлы, Ө. Жаратылысы бөлек еді [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // 2013.- 3 қаңтар (№1).-6 б.

Кәріпұлы, Ө. Қажетсіз дағдыдан қашан арыламыз? [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Шет шұғыласы.- 2014.- 7 мамыр (№18).-4-5 б.

Ақадыр вальсі [Мәтін] // Заман.-2007.-30 қараша (№48).-8 б.

Бесімұлына, Т. Арнау [Мәтін] / Т. Бесімұлына // Заман.-1999.- 4 желтоқсан (№46).-1 б.

Кәріпұлы, Ө. Табиғат алтын бесігінің [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы // Заман.-1998.- 5 қыркүйек (№33).- 3 б.

Кәріпұлы, Ө. Өмір бәсекемен қызықты [Мәтін]  / Ө. Кәріпұлы //  Заман.-1999.- 9 қаңтар (№2).-3 б.

Құнды шежіре [Мәтін] // Заман.-2003.- 14 маусым (№22).-44 б.

Кәріпұлы, Ө. Ең алдымен сөз болған [Мәтін] / Ө. Кәріпұлы / Төрехан Майбас // Орталық Қазақстан.- 2013.- 18 мамыр.- 5 б.

Орталық Қазақстан. 2020. 2 сәуір (№34). - 4 б.

Шет шұғыласы. - 2020. - 6 тамыз (№32). - 4 б.

Орталық Қазақстан. - 2020. - 24 қазан (№117). - 4 б.

Орталық Қазақстан. Өмір Кәріп. Дала мінезді азамат [Мәтін] / Ө.Кәріпұлы // - 2022. - 24 ақпан (№22). - 6 б. 

 

Шығармалары:

 

Кәріпов, Ө. Бұрқақ [Мәтін] Ө.Кәріпов .- Роман.- Алматы: Жазушы, 1991.-256 бет.
Тұғыр [Мәтін]: ұлттық тәрбие сабағы / құраст. Ө.Кәріпұлы.- Астана: Елорда Жастары, 2001.- 400 б. 

Кәріпұлы Ө, Перілер мен Серілер [мәтін]: Повестер мен әңгімелер. – Астана: Фолиант, 2004. – 384 б.

Кәріпұлы,Ө. Тамызық [Мәтін]: әңгімелер /Ө.Кәріпұлы.-Алматы: «Құс Жолы»,2008.-352 б.


 
Кәпіпұлы Ө. К11 Тайталас, Роман. Астана: Елорда, 2001. 312 бет.

Кәріпұлы, Ө. Қоңыр сарын [Мәтін] : әңгіме – хикаяттар, тәмсілдер. / Ө.Кәріпұлы. – Астана: Фолиант, 2014. – 392 б.

Кәріпұлы,Ө БЕЛЕС [Мәтін]:Хикаяттар,әңгімелер,мысалдар.- Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір»,2021,- 480 б.