Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Ер есімі - ел есінде

Күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 67 жыл өтсе де майдан даласында өмірін қиған, соғысқа аттанған әкелер мен ағалардың ерлік істері өшпек емес. 9 мамыр Отанның абыройы мен бостандығын жоғары қоятын және бейбітшіліктің құнын білетін адамдардың жүрегінде сақталатын мереке. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады. «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын). Ардагерлердің өмір жолдары, майдан даласында бастан кешкен ерлік істері қашанда ұрпаққа үлгі, өнеге. Ұлы Отан соғысындағы кеңес әскерлерінің жанқиярлық ерлігі тарихта алтын әріптермен мәңгі айшықталып қалды. Жеңіс қазақстандықтар үшін де аса қымбат. Барша адамзат үшін оңайшылықпен келмеген әділетсіз соғыстың ауыртпалығын біздің Шет ауданы еңбеккерлері де бастан өткерді. Майданға аттанған ер азаматтар орнын белі бекімеген жасөспірімдер басып, қабырға қайыстырар бейнетті еңбекті атқара жүріп, Жеңіс күнін жақындатты. Ұлы Жеңістің жолындағы ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.