Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Аяпбергенов Кәкішбай (1922-2011)

1922 жылы  Шет ауданында туған. Екінші жаһан соғысына қатысушы. 1951-1956 жылдары Қарағанды ОРС НОД-5 жұмысшыларды жабдықтау мекемесінің наубайхана бастығы қызметін атқарған. Паровоз машинисінің көмекшісі, Дәрия стансасының депосы, Жаңаарқа стансасының депосы машинисінің көмекшісі, 1962-1987 жылдары тепловоз машинисінің көмекшісі болып істеген. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, 18 медальмен, Беларусь Республикасының 2 медалімен марапатталған. 2011 жылы дүние салған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 69 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 90 б.

 

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 68 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 90 б.

 

Мерзімді басылым беттерінен:

Майдангерлер лебізі  [Мәтін] Шет шұғыласы.- 2010.- 6 мамыр (№19).-4 б.

Темірханова, С. Өмірі оның өнеге [Мәтін] / Темірханова С. // Шет шұғыласы.- 2010.-11 наурыз (№11). -4 б.