Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Беркімбаев Қаппар (1912-2006 г.г)

1912 жылы Ақшатау болыстығының оныншы ауылында дүниеге келген. Мал шаруашылығында еңбек еткен. Екінші жаһан соғысына қатысқан. Қаппар Беркімбаев 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери міндетін Хабаровск өлкесінде орыс-жапон шекарасында өтейді. Сол әскерде жүргенде Ұлы Отан соғысы басталып, жауынгерлермен бірге соғысқа аттанады. Неміс басқыншыларына қарсы алапат соғыста аянбай шайқасып, Ленинград жерін азат етудегі шайқаста ауыр жараланып, госпиталден бірақ шығады. Осы жерде емделгенімен ауыр жарақаттанған.

Дияқажы ашқан Жәмшідегі мектепте оқыған. Өлке тарихына жетік адам. Осы өңірден шыққан ақындардың мұрасын бүгінгі күнге жеткізуші.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 135 б.

                                                  Ол туралы:

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 135 б.

 

Мерзімді басылым беттерінен:

Кеңесбек, А. Ардагер – ұрпақ мақтанышы [Мәтін] / А. Кеңесбек // Шет шұғыласы.- 2009.- 7 мамыр (№20).-6 б.