Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Әбдиев Шәкен (1925-1991 г.г)

  1925 жылы Шет ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылы ауыр жараланып гопспитальға түседі. Жазылып шыққан соң қайта майданға аттанып соғысты Берлинде аяқтаған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, және «Ұлы Отан соғысына 20 жыл», «Ұлы Отан соғысына 30 жыл»,  «Ұлы Отан соғысына 40 жыл», медальдарымен, 6 июнь 1945 жылы КСРО Жоғарғы Совет Президумының Жарлығымен 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында көрсеткен еңбектері жоғары бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ұлы Отан  соғысының мүгедегі. Соғыстан кейін де елінің, туған жерінің гүлденуі жолында еселі еңбек етті. 1991 жылы  дүние салды

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 70 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 91 б.

 

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 70 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 91 б

 

Мерзімді басылым беттерінен:

Шәкенова, Н. Ерлігі мәңгі өшпейді[Мәтін]/ Н. Шәкенова // Шет шұғыласы.- 2009.- 7 мамыр (№20).-6 б.