Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Темірбеков Жамантай (1919 г.р)

 Қарағанды облысы Шет ауданы 7-ші ауылында 1919 жылы туған. 1935-1939 жылдары Қарқаралының педучилищесіне түсіп, бітіреді. 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, туған топыраққа келместен соғысқа аттанады. Брянск, Смоленск, Орлов, 1943 жылы Курск иініндегі отты алапат шайқаста жарақаттанып, Қазан қаласының № 996 әскери госпиталіне түседі. Онда 6 ай емделіп қалалық горнизонның комиссия шешімімен кадр жетіспеушілігіне байланысты,Қазан қаласындағы Қызыл тулы танк училищесіне курсанттарды дайындауға жіберіледі. 1946 жылы елге оралады. 1947-1955 жылдар аралығында Шет аудандық партияның жолдауымен Қазақстан Орталық Партия Комитетінің жанындағы 2 жылдық жоғары партия мектебіне жіберіліп, оны үздік бітіреді. 20 қараша 1955-1959 жылдары Қарағанды облысы Шет ауданының партия комитетінің үшінші хатшысы. 26 қараша 1959-1961 жылдары Қарағанды облысы Шет ауданының партия комитетінің екінші хатшысы. 1 маусым 1961-1963 жылдары Ордженики-дзе совхозында партком секретары. 8 қазан 1963-1964 жылдары Ақтоғай аудандық ауылшаруашылығы басқармасында инспектор ұйымдастырушысы қызметінде жүріп Қарқаралы Зооветтехникумін сырттай бітіріп, зоотехник мамандығын алады. 22 желтоқсан 1964-1967 жылдары Орджени-кижзе совхозында бас хоотехник.  20 қыркүйек 1967-1973 жылдары Кеншоқы совхозында партком секретары болды. 16 ақпан 1973-1979 жылдары Жезқазған облысы Шет ауданы атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 16 қазан 1979 жылдан құрметті зейнеткерлік демалысқа шықса да еңбек жолын 25 қараша 1984 жылға дейін аудандық радиода хабар ұйымдастырушысы қызметін аяқтады. Еңбек жолы үкіметпен бағаланып Ұлы Отан соғысында « І-ші дәрежелі соғыс Ордені» медальдарымен мараптталған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 147 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 349 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011 – 147 б.

Шет ауданы: [Мәтін] энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат.- 2013.- 349 б.

Мерзімді басылым беттерінен:

Майдангерлер лебізі [Мәтін] // Шет шұғыласы.- 2010.- 6 мамыр (№19).-5 б. 

Майдангерлер лебізі [Мәтін] Шет шұғыласы.- 2012.- 3 мамыр (№18).-4 б.

 

Байызбекова, А. Ата ерлігі ұрпаққа тағылым [Мәтін]/ А. Байызбекова // Шет шұғыласы.- 2009.- 7 мамыр (№20).-4 б.