Өткен ғасырдың жиырма сегізінші жылында аудан болып құрылған Шет бүгінде керегесін кеңге жайған облысымыздағы іргелі аудандарының бірегейі. Содан бергі кезеңде сынаптай сырғыған уақыт-ағзаммен үндесе күн кешіп, қоғам өміріндегі елеулі серпілістер мен сілкіністерге қоян-қолтық араласты. Сонар түспеген соңғы шақта тыңнан түрен тартқан ауданымыздың абыройын асқақтатып спорт әлемінде өшпес із қалдырған