Әбдіразақова Мақпал
Қарағанды облысы, Шет ауданында 1986 жылы туған. Өлкеміздегі қыздар арасынан шыққан бірден бір саятшы, ҚР чемпионы, спорт шебері.
Шет өңірінің қасиетті топырағының әсерінен бе, әлде қайдам, талай мықтылар дүние келген. Ғылым мен білімнің де, спорттың салаларын меңгеріп, шыңдарынан көрініп жүрген Шет ауданының тумалары баршылық.. Атап жатудың өзі артық. Бүгінгі тақырыбымыздың төркіні бүркітші Мақпал жайында. Әкесі Мұрат Әбдіразақовтың саясаткерлікпен шұғылданып жүргені үлкен әсер беру керек. Мақпал қарындасымыз да басқа құрбыларынан ерекшеленіп атқа отырды.Қолына қыран ұстады.Сөйтіп, Қазақстандағы саясат спортының чемпионы атанды.Спорт шебері куәлігін қолына алғанына куә болдық. Еліміздегі жалғыз қыз бүркітті баптау өнерін меңгерген. Ол туралы талай газет-журналдар мен телидидарлар жазып та айтып жатыр. Ұлттық тәлім-тәрбие бойына сіңген Мақпалды барлық қазақстандықтар,әсіресе ұлттық спортты құрметтейтін қауым «Құсбегі қыз» деп атайды.Атына заты лайық Құсбегі қыздың талай жарыстардан жарқырап көрініп, Шет ауданның беделіне үлесін қоса берсін деп тілерік! Қазақтың ұлттық спортының бүгінгі таңда күні оңынан туды. Мерекелер мен тойларда ғана болатын бәге, аударыспақ, қазақша күрестер бүгінде ресми жарыстардың да шеңберінде ұйымдастырылып тұрады. Жақыңда өткен «Сарыарқа - 2008» атты Қарағанды облысы ауыл спортшыларының жазғы спартакиадасында Шет ауданы спортшылары командалық бәсекеде жүлделі екінші орынды иеленді.Жыл сайынғы жарыстарда жүлделі орындардан түспейтін ауданның спортшылары аударыспақ, көкпардан үздік командалар болып танылған.
Мерзімді басылым беттерінен:
Тұңғыш бүркітші қыз [Мәтін] // Орталық Қазақстан.- 2014.-20 наурыз (№53-54).- 4 б.
Қолына бүркіт қоңдырған [Мәтін] / С. Тұяқбайқызы //Шет шұғыласы.-2008.-20 наурыз (№12).-4б.
Ысқақ, А. Арқаның самалындай [Мәтін] / А. Ысқақ // Шет шұғыласы.- 2011.- 17 наурыз (№11).-5 б.
Әбдиева, Ш. Ер мінезді бүркітші қыз [Мәтін] / Ш. Әбдиева // Шет шұғыласы.- 2011.- 6 қазан (№40).-5 б
Әбдиева, Ш. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі [Мәтін] / Ш. Әбдиева // Шет шұғыласы.- 2012.- 12 шілде (№28).-4 б.
Жақып, И. Қызылшоқы баурайында өткен салбурын [Мәтін] / И. Жақып // Шет шұғыласы.- 2008.- 18 желтоқсан (№53).-5 б.