Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Әлімшайқы Сәлімбайұлы

XIV ғасырдан бізге есімі ғана жеткен Баймұрат Жаңабай, Кенжебай Әжібек палуандардың өнерін ХХ ғасырдың аса қиын бірінші жартысында жалғастырған осы Әлімшайқы Сәлімбайұлы. 1940 жылдардың аяғынан 1960 жылдардың  басына дейін осы елді берісі Қазақстан, әрісі Орта Азия елдеріне қазақша күрес өнерімен айрықша танытты. 1945 жылғы 12 тамыздағы Бүкілодақтық денешынықтырушылардың  Қызыл алаңдағы шеруіне қатысушы. Әлімшайқы палуан 1951-1955 жылдары еліміздің 5 дүркін чемпионы атағын жеңіп алды. Әлімшайқы Сәлімбайұлы Орта Азия елдерінің чемпиондық тәжін де әлденеше рет басына киген айтулы күрескер.    

             Қазақ күресінен Қазақстан мен Орта Азияның он бір дүркін чемпионы. Орта және жартылай ауыр салмақта белдескен. Қазақ палуандары арасында спорт шебері атағын алғаш болып алушылардың бірі.                                                                   

        1955 ж Алматыдағы «Рауан» баспасынан шыққан Е. Мұхиддинов пен П.Ф.Матущак авторлық еткен «Қазақша күрес» кітабында. «А.Сәлімбаев был по истине настоящим батыром. Высокии с широкими плечами  он обладал большой силой и завидной внешностью.... Особенно удавался ему бросок с обвивом с захватом пояса через одноименное плечо» деп жазады да, оның Қазақстан мен Орта Азияның қазақша күрестен тең келмес екенін айтып өтеді.

         Атағы жер жарған Әлімшайқы палуан Шет ауданының 10 ауылында туып өскен. Қазақ жолымен Керней Түйте Сәдібек болады. Ұзақ жылдар Ақжал кенішінде жұмыс істеп, осы жерде өмірінің соңына дейін тұрған.      

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі.- Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ,   2007. – 259 б.                                

Шет ауданы : [Мәтін] энциклопедия – Алматы: Қазақпарат,  2011- 138 б.