Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Нұрланбек Мөлдір

Мөлдір Боранбайқызы Нұрланбек 1994 жылы 15 ақпанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ортау ауылында дүниеге келді. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде Мәншүк Маметова атындағы орта мектебінде 11 жылдық мектепті тәмәмдаған. Спортты кішкентай кезінен жақсы көретін, асық ойнап, футбол ойнап, ұл балалармен күресіп жүретін. Сосын 5 сыныптан бастап Ақадыр жасөспірімдер спорт мектебіне  күреске қабылданған. Содан бері дзюдо, самбо, қазақша күреске қатысып жүр. Талай жүлдегердің иесі болған. 5 дүркін Қазақстан чемпионы, 1 дүркін Азия чемпионы (күміс алқа), 1 дүркін Әлем чемпионы (қола алқа), қаншама халықаралық турнирлердың женімпазы болды. Мектепте де оқып жүріп талай спортакиадаларға қатысып, шаңғыдан, жеңіл атлетикадан, футболдан жүлделі болып жүрді. Мектеп бітірген соң МГТУ колледжінде  «Спорт және денешынықтыру» мамандығын алды (қызыл дипломмен). Қазіргі кезде сырттай КарМУ-ды осы мамандық бойынша оқып жатыр және де Қарағанды қаласында «Еңбек» спорт мектебінде осы сала бойынша шәкірттер дайындап, бапкер болып жұмыс атқарады.