Зейнолла Игілікұлы
Игілікұлы Зейнолла 1937 жылы дүниеге келген. 1960-62 жылға дейін ЕСЕП құрамында партия басшысы ретінде жұмыс атқарады. 1962 жылы саяси көзқарасы үшін тұтқындалып, 1967 жылға дейін бұрынғы Кеңес Одағының Сібірдегі күшейтілген тәртіптегі саяси лагерінде отырады. Елінің тәуелсіздігі жолына барлық саналы ғұмырын арнап, азаттықты, елінің еркіндігін аңсаған, қуғын-сүргін көрсе де қайсар, еңсесін биік ұстаған ұлтжанды ақын, табанды, іскер азамат 1986 жылы желтоқсан оқиғасында да өкімет назарында болған, қуғынды көп көрген, халықтың жүрегінен орын алған биік тұлға. Халқының тәуелсіздігі жолындағы азаматтық ұстанымын ғұмырына ту етіп көтерген ол саяси тұтқыннан босап келгеннен кейін де ұлттық мүддені көздеген іс-әрекеттерін ел арасында кеңінен насихаттау бағытында азаматтық жұмыстар жүргізеді. Алғашқылардың бірі болып қазақша думан, домбыра оркестрін ұйымдастыруды қолға алды, аудандық саз мектебін құрды. Аудандық мәдениет үйінің халық театры атағын алуына басшылық жасап, атсалысты. Оның тікелей бастамасымен ұлттық спорт түрлері, оның ішінде тоғызқұмалақ ойынының ауд, аймағында дамуына мұрындық болды. Оның артында қалған әдеби мұрасы өз алдына кітап болып шықты.
Пайдаланған әдебиеттер:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-101 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-197 б.
Ол туралы:
Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-101 б.
Шет ауданы: Энциклопедия – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.-197 б.
Мерзімді басылым беттерінде:
Мусин. Т, Асыл аға [Мәтін] / Т. Мусин //Заман.-2006.-(№17).-3 б.
Қайроллақызы, А. «Тұсаукесер рәсімі өтті» [Мәтін] / А. Қайроллақызы // Шет шұғыласы.- 2008.- 18 желтоқсан (№53).-3 б.
Батыршинова Ж. Ұлтын сүйген ұлы жүрек [Мәтін] / 2013.- 17 қаңтар (№3).-3 б.