Серғазы Қабылдаұлы
Серғазы Қабылдаұлы 1954 жылы Ақсу ауылында дүниеге келген.
1971 жылы Ы.Алтынсарин мектебін бтірген. КазМу-дің журналистика факультетінде білім алған. СерғазыҚабылдаұлыаудандық , бұрынғы «Ильич туы», «Заман» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Серғазы Қабылдаұлы жоғары білімді журналист. «Заман» газетінің 2007 жылдан 2013 жылға дейінгі редакторы, ақын 2007 жылы «Шуағына сенің жылындым» атты өлеңдер жинағы шығып 2009 жылы «Туған жердің түтіні» атты кітабы шықты.
Пайдаланған әдебиеттер:
Жүністегі К.
Шырағдан [Мәтін]/ К.Жүністегі -Алматы : «Ел - шежіре» 2007-83 бет.
Ол туралы:
Қабылдаұлы С
Шуағына сенің жылындым [Мәтін] шығармалары / С.Қабылдаұлы,Қарағанды: «Гласир» 2007-100 бет.
Қабылдаұлы С
Туған жердің түтіні [Мәтін] шығармалары / С.Қабылдаұлы.Алматы: «Нұр – Принт-75» 2009-84 бет.
Өлең - киелі өнер
Ақын Серғазыныц өлеңдері тұнжырап жүрген көңілді сергітіп, желпінтіп тастай- ды. Әттең осындай ақындардыц ауылдан аса алмай, баспаларга жете алмай қалаты- ны өкінішті. Мен ақынмын деген талайдың өлеңін оқысаң - ұйқас бар, өлең техника- сын да мецгерген, бірақ ақындық жоқ. Жүрек жылынбайды, мен-мен деп өзеуреген бірдеме. Әлемнің бар салмағын арқалап жургендей теңселетінін қайтерсің. Неғып атылып кетпей, неғып жарылып кетпей жүр деп таңғаласың.
Серғазыда ондай «мен» жоқ. Оныц есесіне ақындық бар. «Дала» деген өлеңін қарашы:
Үкідей селеу үлбіреп,
Бұлақ сақ-сақ күлді кеп.
Сыңсытып сырлы әуенін,
Сыбызғы-қурай тұрды көп.
Қалай дейді?! Үкідей селеу үлбіреп дегенінің өзі не тұр. Қазақы ұгым ғой. Соны сағынып жүр емеспіз бе. Жүрегің елжірейді. «Жазғы таң» деген өлеңінде Серғазы:
Жұлдыз біткен көздерін ашып- жұмып,
Ұйцылы-ояу манаурап тұрды есінеп - дейді. Тірі сурет қой. Таңды көрген, сүйсіне білген адам ғана осылай суреттейді. Жұлдыз ба? Даланың киіз үйдегі аруы ма?
Сергазыныц «Қараша үйінде» қазақы баланың қоцыр тірлік кешкен өмірі, сағымга кеткен әжеміз салган ән, егіз шектің күйі - бәр-бәрісі бар-ау! Қамшылатып арманыңның ақ атын, Қақтыратын қиялыңның қанатын. Төңкерілген аспандағы көп жұлдыз, Қараша үйдің түндігінен таматын.
Иә, сонау согыстан кейінгі бір жылдары қой баққан атамның жыртық-тесік қараша үйінде жатып, елегізген көңілмен сол туырлық-түндіктегі саңылаудан мөлт-мөлт еткен жұлдызга еліктік қой. Серғазының көп жулдызы, қараша үйдің түндігінен та матын сол әлем ғой.
Маңдайы тершіп манаурап жатцан қыраттыц, Сорғалап тұрып самайынан сал-сал су ақты.
Сыңгыр да сылдыр дариға мына дүние,
Салтанат құрған Арқаныц аруы сияқты - дейді Серғазы ақын «Ару көктем» өлеңінде. Мына дала тірі пенде дерсің, сол далаға ырыс бергісі келген азаматтың төгілген тері дерсің. Жүрек осылай қабылдайды.
Тас-талқан болып өнбеске кейде бүлінсем,
Сабама мені түсірдің өзің, бұрымдым - дейді Серғазы «Шуагыңа сеніц жылындым» деген өлеңінде. Бар сезімін, гашық сыйластыгын «бұрымды» деген жалгыз сөзбен бере білген. Осы жерде ұлы Мұхтар Әуезовтың Кәмилаға жазғаны еске түседі. Мен ғашықпын, сені ѳлердей сүйемін демейді Мұқаң, «Тең көрдім орыныңды орыныма» дейді-ау! Қазақ асыл сезімін шашпаған, жасыра білген. Қазір ғой батыстан үлгі алған ақынсымақтардың «күйдім, сүйдім, өлдім, жандым» деп жататындары. Бұл ыштанынан айырылып қалган еуропалықтардың сырты жылтыр, жалған сезімі. Ақын қазақ бола білуі керек.
Шаршап жүрмін,
Ақ отауын аша алмай,
Кәусар жырдың - депті Серғазы.
Өлең - киелі өнер. Ол қанмен жазылады. Кәусар жырдың ақ отауын аша алмай жүрген жоқ бұл ақын, ол сол киелі көшенің ішінде жүр.
Кәмел ЖҮНІСТЕГІ,
Жазушы, Қазақстан Жазушылар
Мерзімді басылым беттерінде:
Қабылдаұлы. С, Мектептегі игі істер [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман.-1999.-7 қазан(№38).-2 б.
Қабылдаұлы. С, Асулы белестер [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман.-2002.-14 қыркүйек(№34).-2 б.
Қабылдаұлы. С, Құран оқыған орыс қызы [Мәтін] / С. Қабылдаұлы // Заман.-1996.-7 тамыз(№30).-2 б.