Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Жидебай Қожаназарулы (1713-1812 гг.)

  Жидебай Қожаназарұлы 1713- 1812 жылдары өмір сүрген.Өзіндік ерекше тарихы бар қазақ халқының жазба деректері мардымсыз.  Ел есінде сақталған халық зердесінен өшпейтін мәліметтер шежіре қариялар арқылы там-тұмдап болса да бүгінгі күнге жетіп отыр. Өткенін зорлықпен ұмыттырмақ болған зұлмат заман да халықтың зердесін жоя алмады. Еліміз еркіндігін алып, өткен-кеткенін таразылап, жақсы менен жайсандарының аттарын еске ала бастады. Ел аузындағы аңыз әңгімелердің, шежіренің ақиқаты мен аңызын кейбір деректерге сүйене отырып, екшеп көрсе, әлі талай нәрсенің табылары мінсіз.

     Сондай ел аузында аты аңызға айналған әрі батыр, әрі шешені әрі би болған Әлтеке Қожаназарұлы Жидебай туралы «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда?» деген халық нақылына айналған сөзді кезінде Г.Н.Потанин жазып алған екен. (Казахский фольклор в собраний Г.Н.Потанина Алма-Ата Изд. Наука, 1972 г.) Әредік аты аталып, бірді-екілі Жидекең айтыпты деген сөздердің «Ел аузынан», «Шешендік сөздер» сияқты жинаққа енгізілгені болмаса толымды зерттеу жасалмаған. Тіпті Жидебай батырдың қай уақытта дүниеге келіп кеткені де айқындалмаған. Мысалы, биыл тамыз айында Жидекеңнің туғанына 280 жыл толуына орай ас берілмек.

     Шет ауданының жерінде Талды өзенінің бойында Жидекеңнің күмбезі тұр. Басында көктасы бар. Көктасты бертінде Жомартбек марқұм бастаған ұрпақтары қойғандығы белгілі. Онда былай жазылған:

      Жидебай Қожаназарұлы

      Дос батырдың немересі

      Туған жылы 1575, қайтыс болған жылы 1675.

      Бұл жылдар жаңсақ көрсетілген болса керек.

      Көктастағы жазуға сенер болсақ, Жидекең әрісі Есімхан, берісі Тәуке ханмен тұстас болып шығар еді. Жидебайдың Абылайханның 1711 жылы туып, 1781 жылы дүниеден өткені мәлім. Шежірешілердің айтуы бойынша Жидекеңнің алғашқы үлкен жорыққа қатысуы Аңырақай соғысы болса керек. Сол кезде жасы он жетіде екен. Бұл дерек бойынша Жидекең 1712-1713 жылдары туған болып шығады.

     Шежіре бойынша Қаракесектен  /Болатқожа/ - Ақша, Түйте. Түйтеден Майқы, Танас, Майқыдан Бөлекбай, Айтуған, Күнтуған, Сарым. Айтуғаннан Әлтеке, Айдос. Әлтекеден Әлмұрат, Дос, Есболай, Өтеген . Әлмұрат пен Дос егіз еді деп те айтылады. Жасанған жауға тайсалмай жалғыз шабатын Дос батыр егде тартқан шағында баласы Қожаназар екеуі қалмақтардың қолына тұтқынға түсіп қалыпты.

Қалмақтар кеңесе келе:

-                     Біреуіңді босатамыз, азаттық берейік, қайсың еліңе қайтасың, -депті.

 Дос батыр өзі тұтқында қалып, Қожаназарды елге қайтарған екен.

 Қоштасарда:

-                     Сарыбауыр ат елге жеткізер, сен менің құнымды даулай алмассың.

Өзіңнен ақсары, көкшіл көзді ұл туар, менің құнымды,елдің кегін сол бала алады,-деп болжап қалыпты.

    Әлмұраттың шау тартқан шағында Қаракерей Қабанбай сәлем бере келіпті. Сонда Жидекең сегіз жаста екен. Қабанбай батырдан бата алыпты. Тағы бір жанама дерек бойынша Тобықты Қараменде бимен Жидекең тұтас әрі сыйлас болыпты.

    1774 жылдары Кеңгірбайдың қырық жастағы кезі екен. Бұл уақытта Қараменде бидің жасы біразға келіп қалған. Сана би ат жалын тартып азамат болып ел ісіне араласа бастаған кезі болса керек. Осы кезеңде Абылайхан алпыстан алпыстан асқан Жидекеңді Қарақожа еліне жорыққа жұмсапты. Балқаш көлінің Ұзынарал тұсында су астына төселген тас өткел бар екен. Кезінде өткел арқылы Ыбыр-Сібірге апаратын ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен екен. Үш ғасырға жуық ұмыт болған өткелді Жидекең біліп, сарбаздарымен теңізді кешіп, арғы жағаға өтіпті. Тұтқиылдан тиген Жидекең Қарақожа елін бағындырып қайтыпты. Сонда Қарақожа бұл жолды Жидебай ғана білсе керек еді, өткелден өткізген көзің шыққыр Жидебай екен ғой депті деген сөз бар. Мұны тиянақтай түсетін Жидебайдың тоқсаннан асқан кезінде көзі көрмей қалғанда, көңіл сұрай келгендерге айтқан сөзі

    Жасымның жүзге келгені,

    Алты Алаштың алғысы.

    Қос жанардың сөнгені,

    Қарақожаның қарғысы.

    Сонымен қоса Қаздауысты Қазбек атты деген:

    Замана өтпес болсашы-ай,

     Жидекем өлмес болсашы-ай,-

     деген сөзі де Жидекеңнің 1713 жылдары туғандығына меңзейтін сияқты. Бұл сөзді ғұлама ғалым Әл-Машани /Ақжан Машанов / айтты.

    Аруақты батыр әрі би, шешен Қожаназарұлы Жидебай батыр XYIII ғасырда өмір сүрген деген пікірді қуаттай отырып, ел аузында нақылға айналған «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда?» деген сөз қалдыру үшін еліне ерекше еңбегі сіңген болуы керек деген ой түюге болар.

    Қорыта келгенде рухани өрлеу, бабаларды қастерлеуден көрінеді. Өйткенді айтып отыру, әрқашан халық жадынан шығармай, құрметпен еске алып отыру – ұрпақ парызы.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011- 26 б.

 Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері: фотошежіре / [Мәтін] құраст.      М.С.Жакин. – Қарағанды:  ТАиС , 2004. – 123 б.

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] / К.Жүністегі. – Алматы: “Ел-шежіре” ҚҚҚ, 2007. – 122 б.                                

Бабалар сөзі [Мәтін]: Жүз томдық: Тарихи жырлар. – Астана: Фолиант, 2010.-                         36-44 б.                                            

Ақпанбет, Ғ. Жидебай батыр [Мәтін] / Ғ. Ақпанбет // Мысты өңір.- 2006.- 24    наурыз.-7 б.

  Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 22-23 б.

 

Ол туралы:

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] К. Жүністегі.– Алматы: Ел-шежіре, 2007. – 122 б.  

Бабалар сөзі: [Мәтін] Жүз томдық: Тарихи жырлар. – Астана: Фолиант, 2010.-36-44 б.                                 

 Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011- 26 б.

Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері: фотошежіре / [Мәтін] құраст.   М.С.Жакин. – Қарағанды:  ТАиС , 2004. – 123 б.

Жүністегі, К. Құба белдер [Мәтін]=Аңыз мезгіл: трилогия 1-кітап  / К.Жүністегі.-     Қарағанды: Полиграфия, 1996.-286 б.

  Шет ауданы. Энциклопедия.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 22-23 б.

 

Мерзімді басылым беттерінде:.

 «Әлтеке Жидебай батыр» қоғамдық қоры ашылды  [Мәтін] // Шет шұғыласы.-  2012.- 27 желтоқсан (№41).-3 б.

   Сәкенов, С. Жидебай батыр [Мәтін] / С. Сәкенова // Шет шұғыласы.- 2012.- 25 қазан.- (№43).-4 б.

Жолдасбеков, М. Жидебай батырдың 300 жылдығы атаусыз қалуға тиіс емес  [Мәтін] / М. Жолдасбеков // Орталық Қазақстан.- 2013.- 11 сәуір (№56).-6 б.

Ақпанбек, Ғ. Жидебай батыр [Мәтін] / Ғ. Ақпанбет // Орталық Қазақстан.- 2006.-          11 шілде (№22).-4 б.

Әбдуов, М. Ер – елдің қорғаны [Мәтін] / М. Әбдуов // Орталық Қазақстан.- 2005.-  27 қаңтар (№35).-3 б.

 Сәкенов, С. Жидебай батыр [Мәтін]  / С. Сәкенов // Ана тілі.- 2012.- 1-7 желтоқсан  (№48).-11 б.

    Қызылов, А. Баба рухына арналды [Мәтін] /А. Қызылов  // Заман.- 2003.- 13 қараша (№43).-.4 б

Ақпанбет, Ғ. Жидебай батыр [Мәтін] / Ғ. Ақпанбет // Мысты өңір.- 2006.- 24  наурыз.-7 б.

Наурызбайұлы, С. Бабасын дәріптеу болар елдің белгісі [Мәтін] / С. Наурызбайұлы // Орталық Қазақстан.- 2013.- 26 ақпан (№31).-4 б.

 

Ақсұңқарұлы С. Уа, Жидебай баһадүр [Мәтін] / С. Ақсұңқарұлы // Орталық Қазақстан.- 2013.- 21 мамыр (№79-80).-10 б.

Шәтекұлы, Қ. Батыр бабамызға қандай құрмет болса да лайық [Мәтін]  / Қ.     Шәтекұлы  // Заман.- 2007.- 13 қыркүйек (№37).-6 б.

 

  Сатыбалдин, М. Бабаларды құрметтеу - ұрпақтар парызы [Мәтін] / М. Сатыбалдин // Шет  шұғыласы.-2013.- 30 мамыр (№22).- 6 б.

 

Қамбарұлы, С. Батыр есімі берілсе [Мәтін] / С. Қамбарұлы // Заман.- 2006.- 13 шілде (№29).-1 б.                                                                                                                               

Жылқыбайұлы, Д. Жидебай батыр [Мәтін] / Д. Жылқыбайұлы  //Азия транзит.-Алматы.-2007.-  наурыз-сәуір (№3-4).- 60- 61 б. 

 Жүнісұлы, Р. Жидебай батыр  [Мәтін] / Р. Жүнісұлы  // Егемен Қазақстан.-2013.-  27 сәуір (№116).- 4 б.

Домбай, Н. Жидебайдай ер қайда?! [Мәтін] / Н.Домбай // Ана тілі.- 2013.- 22-28  тамыз (№33).-6-7 б.

Орталық Қазақстан. - 2021. - 13 шілде (№75). - 6 б

Шет шұғыласы. - 2021. - 15 шілде (№28). - 12 б.