Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Шет ауданының ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында малдың шартты басы 2013 жылы 7 пайызға өсіп 102,7 мыңға жетті.

16 мың  300 гектар масақты дақылдан 16700 тонна астық жиналды, 852 гектар картоп танабынан 22,3 мың тонна өнім алынды, 125 гектар сафлор алқабынан 65 тонна майлы өнім әзірленді.

Қазіргі уақытта ауданның агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылда қаржылық қызмет көрсету нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сүру сапасының жақсаруымен сипатталады.

Шет ауданында 1197-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істейді.

Ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі және басым бағыттары мал шаруашылығы, яғни ет, сүт және жүн өндіру болып табылады.

Ет өндірісі 01.01.18 ж.19,9 мың тоннаны құрады, өсім 2017 жылмен салыстырғанда – 1,7%, сүт – 84.3 мың тонна, өсім 3.7%, жұмыртқа – 8,4 млн. дана, өсім 0,6%.

Нақты жалпы астық жинау барлығы 20.0 мың тоннаны құрады (2017 жылға 91.3% (2017 жылға – 21.9 мың тонна).

"Сыбаға" бағдарламасы аясында 2018 жылы 1371 бас ірі қара мал сатып алынды, "Алтын асық" бағдарламасы бойынша 160 бас ұсақ мал сатып алынды.

Қазіргі уақытта ауданда ауылдық округтерде 12 мал сою алаңы және Ақадыр, Ақжал, Ақсу ауылдарында 4 мал сою пункті тіркеліп, жұмыс істеуде.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне бағаның негізсіз өсуін тежеу үшін 2018 жылы 33 "Ауыл Береке" жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

01.01.2019 жылға ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 32569,2 млн .теңгені құрады. Нақты көлем индексі-103.5%. Ауыл шаруашылығы саласының жалпы өндірісінің жалпы көлемінде 63.1% - дан астамын мал шаруашылығы өнімдері құрайды. Жыл сайын мал басының барлық түрлері мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қамтамасыз етіледі.

01.01.19 ж.жағдай бойынша ірі қара мал басы 81,6 мың бас ірі қара, 182.4 мың бас қой мен ешкі, 45.6 мың бас жылқы және 56.2 мың бас түрлі құстар құрады.