Шет ауданының денсаулық сақтау саласы
қсу-Аюлыда 40 төсектік аудандық орталық аурухана, 35 төсектік Ағадыр ауруханасы, осы елді-мекендерде клиникалық-диагностикалық емханалар (поликлиникалар) бар.
Халыққа бұлардан басқа 9 дәрігерлік амбулатория, 10 ФАП, 36 медпункт қызмет етеді.
Медицина саласында 57 дәрігер (врач), 266 орта буындағы мамандар жұмыс істейді.
Ауданда бала туу көрсеткіші жақсарып келеді. Табиғи өсім 12,75 промилле (облыстық орташа көрсеткіші 7,8 промилле).
2012 жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі бала өлімі кеміді (8-7), ана өліміне жол берілген жоқ.