Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Арқа күйшілік мектебі

Арқа күйшілік мектебі шертпе күйдің мәдениетінің алтын қазығы деуге тұрарлық үлкен мектеп.Арқа мектебінің басында тұрған тұлға Итаяқ екені даусыз.Өз заманының теңдесі жоқ өнерпазы артына мол мұра қалдырды. Ол үрдісті жалғаушы Тәттімбет. Тәттімбетше күй шалу үрдісі осыдан кейін Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Әбікен, Аққыз, Мағауия арқылы дамып, шертпенің даңқы мұқым қазаққа үлгі болды. Арқа күйлерінің музыкалығқ шықұү.ғарма ретіндегі маңызды ерекшелігі өзінше жеке мектеп бола тұра домбыра өнерінде дамыған барлық күйшілік дәстүрді жатсынбауы. Жағырапиялық жағынан Шығыс пен Оңтүстік, Жетісу мен Сырға аралас қонған қоңсылағы бұған септігін тигізгені ақиқат.Арқа күйлері ішінара мынадай орындаушылық мектептерге бөлінеді.Тоқырауын орындаушылық мектебі - Әшімтай Қарымсақұлы ,Манарбек Ержанов, Аққыз Ахметова, Сатан, Мұхсин, Мағауия Хамзин ,Жақсылық Омашев, Қайрат Айтбаев, Ақсу – Аюлы орындаушылық мектебі – Итаяқ, Қыздарбек, Мақаш, Сембек, Әбди, Әбікен, Қараның Аманы, Рысқұлбек ,Бегімсал Орымбеков, Дәулетбек Сәдуақасов Орал Исатаев ,Арман Қадірбек ,Нұрғаным Жексенбаева.Жаңаарқа орындаушылық мектебі-Сайдалы сары Тоқа,Дайрабай,Амантай Бозмағамбетұлы,Мұхит Битенов,Пазыл Тұтқабеков,Мейрам Ұлмағамбетов,Мұхаметжан Тлеуханов,Ахат Байбосынов,Алпысбай Тұрсынбеков,Жанболат Әбілдинов.Бұл аталған орындаушылық мектептердің күй шерту үлгісінде айырмашылық болмағанмен күйдің ішкі интонациялық даму табиғаты әр түрлі қалыпта.Арқа күйлерінің басқа шертпе мектептеріне қарағанда саздық құрылымы мен музыкалық күрделілігі жағынан анағұрлым дамығаны айқын көрініп тұрады.Алғаш Арқа күйлеріне ғылыми баға беріп,ноталық жазбаларға түсуіне ықпал еткен – академик А.Жұбанов.Қазақ тарихында тұңғыш ұйымдасқан ұлт аспаптары оркестірінің репертуарына Тәттімбеттің «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ» күйлері енгізілді.Арқа күйлерін осы оркестр құрамына он төрт жасында келген талантты домбырашы – Рүстембек Омаров белсенді насихаттады,онымен бір ұжымда қызмет еткен Жаппас Қаламбаев пен Мағауия Хамзин де Арқа шертпесінің үзіліп қалмауына ересен еңбек еткенін айтуға тиіспіз.Арқа күйлерінің нағыз түпнұсқа түрі Әбікен Хасенов арқылы жетті.Бұл мектептің ертеден дамыған киелі сарынын жаңа заманның ызғарына қарамастан (Кеңес дәуірінде шертпе күй «феодализмнің сарқыншағы» деп танылып,тартылуына қатаң тиым салынған,Арқаның талай күйшілері сол зобалаңның кесірінен атылып та кеткен,бұл нәубетті Әбікен де бастан кешті)келешектің қолына ұстатқан дарынды күйші қазіргі күні Арқа ғана емес,жалпы шертпе өнерінің шыңы болып саналады. Әбікен Хасенов Тәттімбетті түгел тартып,Әбди, Сембек,Қыздарбек,Айдостардың да мұраларын арттағы ұрпаққа тастап кеткен саңлақ домбырашы.Нағыз балбармақ шебер домбырашы Әбікен атамызда өз жанынан да күй шығарған,оның атышулы «Қоңыры» аспапты музыкамыз тарихындағы теңдессіз туынды болып саналады.Оның әндері күйге бергісіз шертетіні де бөлек әңгіме,Жаяу Мұсаның «Ләйлім» әнін ғажайып әсемдікпен орындап,оны күйтабаққа жазып қалдырғаны белгілі.Арқа мектебінде орындаушылықтың үлкен екі арнасы бар,бірі қоңыр шертпе болса,екіншісі қуатты желдірме күйлер.Осы жағынан қарағанда желдірме күйлерді төкпеге еркін жатқызуғада болғандай,мысалы,Дайрабайдың күйі Арқа мектебіне жатқанмен екпіні мен ырғағы жағынан Атырау мектебінен алыстамайды,мұндай ерекшеліктерді Тоқаның «Бозторғайынан» да аңғару қиын емес. Арқа мектебінің басқа мектептерден құрық бойы бір озықтығы «Қосбасарлардың»сән құруында жатыр.Ел ішінде «Қырық буын қосбасар»аталатын күйлер жалпы аспаптық музыкамыздағы біртуар жанр деуге лайық қазына. Қосбасарлар әркезде әртүрлі жағдаяттарға байланысты шыққан,негізінен мұңды,шерлі күйлер.Қосбасарлар тегінде күйді шығарған адам атымен де аталады (Тоқаның «Қосбасары»,Аққыздың «Қосбасары» т.б).Тәттімбет өз қосбасарларына әртүрлі жағдаяттара байланысты ат қойып тартқаны тарихтан белгілі.

Арқа күйшілерінің шығармашылығын алғаш зерттеп,ноталық жазбаларын тиянақтаған – Уәли Бекенов,оның «Шертпе күй шеберлері», «Күй табиғаты» атты кітаптары аса құнды ғыл.-әдістемелік еңбектер болып табылады.Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория қабырғасынан Тәттімбет атындағы шертпе күй мектебі ашылды,оның ашылуына ықпал еткен дарынды күйші педагог Біләл Ысқақов.


Күйкеруен

қсу-Аюлыдағы күй- керуені мыңжылдықтар қойнауынан ғасырлар көшіне ілескен қазақтың қара домбырасының қасиетті Нұра топырағында дүбірлеп өткен мерейлі мерекесі. Арқадағы шертпе күй өнерін аса биікке көтерген,шертпе күйдің өзіндік мектебін қалыптастырған Қыздарбек күйші,оның шәкірттері Әбди, Сембек, Ақмолда, Кәрібек, Мақаштан қалған күйлерге бүгінде барша қазақ жұрты тамсанады. Осы шертпе күй шеберлерінің күйлерін бүгінгі күнге жеткізген, күй әлеміндегі ұлылардан ұлағат алған Әбікен Хасенов те ауданымыздың тумасы.

«Күй - керуенді» ұйымдастыруға жерлесіміз Дәулетбек Сәдуақасов үлкен еңбек сіңірді.

Сахна төріне күмбірлеген күйшілік өнерімен республика жұртшылығына кеңінен танымал, күйшілер сайысының жеңімпазы, Қыздарбек күйлерін кеңінен насихаттаушы Дәулетбек Сәдуақасов шығып, Әбдидің бірінші қосбасарын (Қырмызы) орындады.Арқаның сұлу сазды ,күрделі ойлы күйлері көпшілікті өзіне баурап алды. Арқа күйлерін дәріптеуші Қарқаралылық Тұрысбек Түсіпбеков Тәттімбеттің күйлерін төгілдіре орындаса ,жерлесіміз Манарбек Сағымбеков Әбдидің «Қосбасары» мен Тәттімбеттің «Сарыжайлауын» келістіре тартып ,көрерменді бір серпілтіп тастады.Сахнаға шыққан жаңаарқалық белгілі күйші Тілеуханов Мұхаметжанды жұрт қошеметпен қарсы алды .Ықыласұлы Жарылқас Ықыластың «Қазан» , «Шыңырау» күйлерін асқан шеберлікпен орындаса, жетісулық Базарәлі Мүптекеев Қыздарбектің «Сылқым қызын» келістіре тартты.Қайролла Сәдуақасов Дәулетбектің «Толғауын», Зәрубай Сүйіндіков Қыздарбек күйлерін орындап, көпшіліктің құрметіне бөленді.Ақтоғайлық Болат Тәкішев Аққыздың күйлерін, Қазақ радиосынан күй туралы хабар жүргізетін ,белгілі күйші бауырымыз Сәрсенғали Жүзбаев қобызбен де домбырамен де күй орындап жұртты елең еткізді.Ақмолда Саян өзі қылқобызбен халық күйі «Аққуды» шебер орындап бір серпілтсе ,мұрағаттан Әбікеннің орындауындағы күй жазылған үнтаспа тапқанын қуана жеткізіп, жерлестерін және қуантты. Бұл, сөз жоқ үлкен қуаныш! Қарағандылық Қалкен Қасымов пен жаңаарқалық Пазыл Тұтқабеков күй өнерінің майталмандары екенін тағы бір паш етті.Байқауды күймен ашқан Дәукең Сембектің «Назқосбасары» мен Әбдидің «Тәубеқосбасарын» орындаумен аяқтады. Дәулескер күйші жайында «Телағыс» атты арнайы хабар дайындалып жатқаны жайындағы жылы жаңалық та көпшілікті бір қуантып тастады.