Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Шәрбан Батталова

ШӘРБАН БАТТАЛОВА (1921- 2002).   Химия ғылымдарының докторы, профессор (1972), академик (1989). ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993). Москваның М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік Университетін және аспирантурасын бітірген. 1952 жылы ҚазКСР ҒА-ның Химия ғылымдары институтында аға ғылыми қызметкері, табиғи сорбенттер мен катализаторлар лабораториясының меңгерушісі (1960). «Қазақстанның кейбір бенто-ниттерінің катализдік және тазартқыштық қасиеттері» деген тақырыпта докторлық диссертция қорғады.

40-тан астам ғылыми еңбегі бар. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шет ауданы. Энциклопедия. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2013.- 382 б.

                              Ол  туралы:

Қарағанды  облысы [Мәтін] Энциклопедия. / Алматы: Атамұра, 2006-174  бет.

Шет ауданы  : [Мәтін]Энциклопедия/-Алматы: ҚАЗақпарат, 2013-128  бет.