Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Сұлтан Сүтбаев

Сұлтан Сүтбаев (1936) Қарағанды обл. Аралтөбе селосында дүниеге келген. ҚР «Жер қойнауының «Құрметті барлаушысы».

«Кен қорларын бірінші ашушы», Шет ауд.-ның «Құрметті азаматы». Қазақтың таукен институтының түлегі (1960), инженер-

гидрогеолог. Орталык Қазақстан  геологиялықбасқармасының Ақадыр геологиялықбарлау экспедициясында аға техник- гидрогеолог, гидрогеолог, аға гидрогеолог (1960-1969), экспедиция басшысы (1969- 1988) болып істейді. Ақадыр ауд. қоршаған ортаны қорғау басқармасының төрағасы (1989-1997), Орталық Қазақстан жер қойнауын бақылау аумақтық басқармасының Балқаш және Жезқазған аймақтық инспекцияларынының бас маманы (1997- 2007),  2007 ж.-дан бастап «Қазақмыскорпорациясы» ЖШС-і «Жезқазған түстімет» ӨБ-де бас геологтын орынбасары. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен

Сарысу жерасты суларының қен орындары тобын ашып, барлау жұмыстарын жүргізіп, Ақшатау және Ақжал кеніштері үшін Жәмші және Қарабұлақ жерасты суларын барлап, болашақ ұзынжал кен орнын сумен қамтамасыз ету мақсатында Киікті, Сарыбұлақ,Үшбұлақ-Атасай жер асты суларының қорларын барлап,Ақадыр кентінің суға мұқтаждығын өтеу үшін Талдыеспе жерасты суларының қорларын мемлекеттік қор комиссиясында бекітеді.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбек ардагері», т.б. медалдарымен марапатталған.

 Шет ауданы [Мәтін]: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы :   ҚазАқпарат, 2011- 338 б.

 Рахұлы, А. Жер қойнауының үздік барлаушысы [Мәтін] / А.Рахұлы // Орталық Қазақстан.- 2014.- 5 сәуір (№62-63).- 4 б.

 Рахұлы, А. Көңілге ыстық жан сыры [Мәтін] / А.Рахұлы // Орталық Қазақстан.- 2015.- 26 қараша (№197-198).- 8 б.

 Медиев,Қ. Ел тарихын екшеген еңбек [Мәтін] / Қ.Медиев // Орталық Қазақстан.- 2016.- 19 қаңтар (№11).- 6 б.

Төрехан, М. Кенаға  [Мәтін] / М. Төрехан // Орталық Қазақстан. - 2016. - 28 сәуір (№71). - 5 б.