Тел.: +7 705 777 7788 Кіру
image description

Кәмел Жүністегі

Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы селосында туған. Орта мектепті 1956 жылы ойдағыдай бітірген К.Жүністегі 1959 жылы аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі болып еңбек жолын бастаған. 1960 жылы Қарағанды Педагогика институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Осы кезде-ақ, асқақ қиял жетегінде жалынды жас К.Жүністегі елдің тарихын білу мен қоғамдағы сол кездегі саяси-әлеуметтік қатынастарға араласу қызықтырған еді. 1962 жылы қазақ жастары арасында құрылған, "ЕСЕП" (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын ұйымдастырушылардың бірі ретінде, жерлес досы, ақын Зейнолла Игілікұлы екеуіне саяси айып тағылып, Сібірдегі лагерьде болған.

         Жазасын өтеп оралған соң, 1966 жылы қайтадан институттағы оқуын сырттай жалғастырып, 1977 жылы ойдағыдай бітірген. Сол, 1966 жылдан 1984 жылға дейін аудан орталығындағы М.Горький атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1984-1989 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер болып қызмет еткен. 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 ж. аудандық "Заман" газетінің редакторы болып қызмет атқарды.

         К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, "Дос көңілі", "Көне хикая", "Көксеу", "Құба белдер" кітаптарының, "Тар заман" спектакілінің авторы. Әуесқой композитор ретінде танымал "Арқа самалы", "Аяулым", "Домбыра", "Туған жер", "Жаз келді", "Жас алаш", маршы әндерін шығарған. Өлкетанушы ретінде көпшілікке мәлім. Шет өңірінен шыққан ұмыт болған Шортанбай жырау, Диа қажы, Қақпан ақын, Төлеубек, Хасен, Жәкен, Тәшен, Маясар, Түсетай, Сәрінжіп, Оқа ақындардың шығармашылығын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жариялады.

         Қыздарбек, Әбди, Сембек күйшілердің, Абылай ханның күйін зерттеуде көп еңбек еткен. Осы өңірде кезінде әділдігімен аты шығып, өз заманынан озық туған дуалы ауыз Бәйсейіт би, Жанқұтты шешен, Дүйсенбай, Қара билердің өмір жолын, ұлағатты ісін зерттеп жарыққа шығарды. Елін қорғаған дуылғалы батырлары Жидебай, Сеңкібай, Жарылғап, Ағабай, Дәріпсалы, Сазанбай батырлар жайында алғаш қалам тартқан.

         Осы өңірде өмір сүріп, заманында елге үлгі бола білген, тарихта ізі қалған әз аналар Қарқабат, Борсылдақ (Қырғи), Құрақ, Дәрі, Талмойын, Баршын қыз, Шеруке қыздың есімі мен қасиеттерін келешек ұрпаққа жеткізу де осы кісінің талмай ізденісінің нәтижесі. К.Жүністегінің ұсынысы ынтасы арқылы "Зұлмат жылдары", "Кенесары жұртында", "Тасқа тұнған құпия", "Дойыбы тас", "Қыздарбек күйші", "Шортанбай жырау", "Жәкен ақын" бейнетаспалары жазылып, деректі телефильмдер дүниеге келді.

         К.Жүністегі қандай шығарма жазбасын, қандай жиында сөз сөйлемесін, айтар ойының түпкі түйіні–ұрпақ тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүрінің, әдет-ғұрыптың тиімді тұстарын қазіргі жастардың санасына сіңіріп, имандылыққа, жан тазалығына биік адамгершілікке шақыру. К.Жүністегі өлке тарихын зерттеу, насихаттау ісіне қыруар еңбек сіңірді. Кенесары ханның патша әскерлерімен соғыс алдында салдырған қамалының қалдығын тауып, сол жөнінде газет-журналдарға ғылыми мақалалар жариялады.

Төле би Тайкелтірдің болашағын болжап: «Ұсақ-түйек ауыл арасындағы дау шар емес, ел намысын жібермейтін, қысылғанда халқына пана бола алатын алғыр ұтымды адам болып өскелі тұр. Бұл мына шалдар ойлағандай Айдаболдың ұлы емес, халқының ұлы болар –ақ. Бұған түзу бағыт беріп, алға тарту керек. Мен қателессем, ел кешпейді» деген сөздерінен шешеннің Тайкелтірдің болашағын болжап, оның жолын ашуға бірден бір негіз- бата беру деп шешкен. Осыдан біз батаның киелі сөз, дуалы сөз екендігіне тағы бір дәлел тапқандаймыз. Ол баталар шешендер берген ақ баталармен дәлелдене түсетіндігіне күмәніміз жоқ.
«Ел баласы екенсің» деп аталатын мына бір шешендік сөзде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласады. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі толмай, жөн сөзді ешкімге қарамай өзі айтады. Осы кезде алғыр жас Төлеге төрдегі би былай деп бата берген:

Үй баласы ма деп едім,
Ел баласы екенсің .
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтілсін.
Ауылыңның таңы бол,
Маңдайдағы бағы бол!


Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасыдағы дау-жанжал, келіс сөзге араласып, билік айта бастапты. Батаның адамның жолын ашып, бағын өсіретіндігі, адамның санасына әсер етеді. Оны Қ. Жарықбаевтың «Жан тануға кіріспе» атты еңбегін оқи отырып дәлелдей түсуімізге болады. Онда: «сананың бір белгісі – алдына мақсат қоя білуі, оны орындауға кірісуі, оның себеп-салдарын түсіне білуі т.б.». Яғни бата алушы саналы жас өзінің алдына дуалы сөзден кейін мақсат қоя білуді ай-қындайды, үлкен сенім артқан қасиетті сөздің жүгін көтеруге барын салып адамгершілік пен азаматтылығын қатар ұстауға бар ниетін салады. 

Пайдаланған әдебиеттер:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-99 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. –1 92-193 б.

 Онлайн кітаптары:

      Жүністегі, К. Соңғы Абыз [Мәтін]: роман/ К. жүністегі.- Астана: Аударма, 2006.- 408 б.

    Қарымды қаламгер Кәмел Жүністегінің шығармашылығымен оқырмандар кеңінен таныс. Оның қаламынан шыққан "Дос көңілі", "Көн е хикая" , "Көксеу " атт ы кітаптарын , "Құба белдер " трилогиясын және "Көксеңгірдің тасында " повестер мен әңгімелер жинағын жұртшылы қ жыл ы қабылдаған болатын. Жазушының "Соңғы абыз " романы әдебитіміздегі зар заман деп аталған әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі -  Шортанба й ақын өмірі мен сол тұстағы қазақ елінің жай-күйін көрсетуге арналған. Жырау өмірін жан-жақты  зерттеген жазушы өз романынд а сол кезеңдегі қазақ ауылдарының тұрмыс-тіршілігін, ел ішінің жай-  жағдайын, заман тынысын айқын танытуға тырысады .

   

 

 

 

 

Жүнісов, К. Көксеу [Мәтін] : повестер / К.Жүнісов .- Алматы: Өнер, 1991.- 184 б.

   «Көксеу» повесіне XIX ғасырдың аяғында өмір сүрген ха- лық күйшісі Қыздарбектің күйшілік өнері мен өмір жолы арқау болған. Жазушы адалдықты, әділдікті көксеген күй- шінің басынан өткен қат-қабат оқиғаларды суреттеу арқы- лы сол кездегі халық тұрмысын, замана шындығын шы- найы көрсете білген. «Қоңыр құлжа» повесінде тау тағысы арқарлардың құ- рып бара жатқандығын әңгімелейді, түз тағыларының ая- нышты тағдырын суреттейді. Сөйтіп оқырмандарды туған табиғатты аялай білуге, аң құсқа қамқор болуға үндейді. Кітаптың тілі жеңіл, тартымды оқылады.

 

 

 

 

 

                                          Жүністегі, К. Көксеңгірдің тасында [Мәтін]: / Повестер мен әңгімелер. Астана: Елорда, 2002. – 352 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шортанбай: Толғаулар, айтыстар, дастан [Мәтін]: / Құрастырушылар: Қ.Мәдібаева, К.Жүністегі – Алматы: «Айқап», 1993. – 80 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүністегі К

Темір-Астау [Мәтін] деректі әңгімелер /К.Жүністегі.

-Алматы: Хан Тәңірі,2014.-286 б.

Жазушы шығармалары:

Жүністегі, К. Соңғы Абыз [Мәтін]: роман/ К. жүністегі.- Астана: Аударма, 2006.- 408 б.

Жүнісов, К. Көксеу [Мәтін] : повестер / К.Жүнісов .- Алматы: Өнер, 1991.- 184 б.

Ол туралы:

Шет ауданы: энциклопедия – Алматы: Қазақпарат, 2011.-99 б.

Шет ауданы [Мәтін] / Энциклопедия – Алматы : ҚАЗақпарат, 2013. –1 92-193 б.

 

Жүнісов, К. Көне хикая [Мәтін]: повесть, әңгімелер / К. Жүністегі .-Алматы: Жазушы,

1987.- 224 б.

 

 

Жүністегі, К. Көгілдір күмбез [Мәтін] хикаяттар, әңгімелер, ойірімдері / К.Жүністегі . – Алматы: Мер-Press, 2017 – 380 б.

 

 

  

   

Жүністегі, К. Шырағдан [Мәтін] К. Жүністегі.- Алматы: «Ел-шежіре» ҚҚҚ, 2007-312 б.

 

 

   

Ж 88 Кәмел Жүністегі. Арманым оттан өрілген: Өлеңдер мен жазбалар. - Астана: Фолиант, 2011. - 176 бет.

 

Жунистеги, К. Вожак [Текст] : повести и рассказы / К. Жунистеги; пер. с каз З. Булановой. – Астана: Аударма, 2008. – 480 с.

 

Қалғып кеткен халықтың намысын оятқан [Мәтін]: жинақ:  К.Жүністегінің өмірі мен шығармашылығы туралы.- Астана: Фолиант,2019.- 208 б.

Ж 88 Жүністегі К. Тасқа тұнған құпия / К. Жүністегі. – Нұр-Сұлтан: ФОЛИАНТ, 2020. – 208 бет.

Жүністегі,К. Тасқа тұнған құпия [Мәтін]: / К.Жүністегі. – Астана: Фолиант, 2018. – 200 б.

Жүністегі К. Великий сын степи Едиге[Текст]/К.Жүністегі. Перевод с казахского Данияра Рашиди. - Алматы: ТОО РПИК "Дәуір", 2020. - 280 с.


Мерзімді басылым беттерінде:

 

Жүнісов, К. Көксеу [Мәтін] : повестер / К.Жүнісов .- Алматы: Өнер, 1991.- 184 б. 

Орталық Қазақстан. - 2020 .- 16 шілде (№76). - 4 б.

Жүністегі, К. Күмбездерге тіл бітсе [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-2007.-27 қыркүйек (№39).-5 б.

Орталық Қазақстан. – 2020. – 30 мамыр (№57). – 4 б.

Жас Алаш, 2020. – 21 мамыр (№39). – 8 б. 

Жүністегі, К. Шежірелі Шет [Мәтін] / К. Жүністегі // Заман.-1998.-19 қыркүйек (№39).-4 б.

Ақыжанов, Ж Тосын бейне [Мәтін] / Ж. Ақыжанов // Заман.-1996.-14 тамыз (№31).-4 б.   

Жүністегі, К. Шежірелі Шет [Мәтін] / К.Жүністегі // Заман.- 1998.- 29 қыркүйек.-4 б.

Орталық Қазақстан. - 2020. - 13 тамыз (№87). - 4 б.

Ана тілі. - 2020. - 27 тамыз-2 қыркүйек (№34). - 1-5 б.

Орталық Қазақстан. - 2020. - 9 маусым (№61). - 3 б.

Орталық Қазақстан. - 2020. - 5 мамыр (№47). - 5 б.

Жас Алаш. - 2020. - 23 шілде (№59). - 7 б.

 Ана тілі. - 2020. - 9 шілде (№27). - 7 б.

Ана тілі. - 2020. - 27 тамыз-2 қыркүйек (№34). - 1-5 б.

Егемен Қазақстан. - 2020. - 13 қазан (№195). - 15 б.

Орталық Қазақстан. - 2009. - 24 қаңтар (№10-11). - 6 б.

Жүністегі К. Ел қамын жеген Едіге [Мәтін] / К.Жүністегі К //Шет шұғыласы.-Ақсу-Аюлы,2019.-27 маусым (№26).- 4 б.

Жүністегі К Абылайдың «алты ағашы» [Мәтін] / К.Жүністегі // Орталық Қазақстан.-2010.- 5 қаңтар.- 4 б.

Жүністегі К   Күй мен күйші тағдыры [Мәтін] /К.Жүністегі //Егемен Қазақстан.- 2018.- 4 қыркүйек (№166).-10 б.

Жүністегі К. Қаракесек [Мәтін] / К.Жүністегі//Шет шұғыласы. - 2021. - 9 желтоқсан (№49). - 4 б.

Жүністегі,К Осы жұрт Шортанбайға неге қарсы? [Мәтін]/К.Жүністегі //Қазақ әдебиеті, 2021.-28 мамыр (№22).-3.-20 б.

Жүністегі,К Шортанбай - ұлттың рухы [Мәтін] /К.Жүністегі //Қазақ әдебиеті,2021.-13 тамыз(№33).- 18 б

Жүністегегі,К Ұлыларды даттайтындар кімдер? [Мәтін ] /К.Жүністегі //Қазақ әдебиеті,2021.-5 наурыз (№10).-2 б

Жүністегі К Абай және көнеден келе жатқан үзілмеген үндестік [Мәтін]/К.Жүністегі //Жұлдыз. -Алматы,2021.-мамыр (№5).-149.-156 б.

Жүністегі,К Қолдан жасалған қасірет [Мәтін ] /К.Жүністегі //Егемен Қазақстан,2021.-19 наурыз (№53).-12 б.

Орталық Қазақстан, 2022. - 16 шілде (№77). - 8 б.

Жас Алаш, 2022. - 31 мамыр (№ 40 - 41). - 5 б

Қазақ әдебиеті,2022. - 25 ақпан (№8). -20 - 21 б

Жас Алаш, 2022. - 7 маусым (№43). - 5 б.

Шет шұғыласы, 2022. - 15 қыркүйек (№37). - 4 б.

Орталық Қазақстан, 2022. - 16 шілде (№77). - 8 б