Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Кітап қорын реттеп жинақтау бөлімі

Кітап қорын реттеп – жинақтау бөлімі алғашқы құрылған күннен бастап бөлім қызметі кітапхана қорын толықтыру. Толықтырудың көздері Мемлекеттік тапсырыс бойынша облыстық департаменттен, жергілікті бюджет арқылы, жергілікті жаушылардың сыйға тартқан кітаптары соны мен қатар оқырмандардың сыйға тартқан кітаптары мен толықтырылады. Бөлімге түскен жаңа әдебиеттерді есепке алу,тіркеу, ярлык жапсыру, қайтару мерзімі парақшасын жапсыру, қалташа жапсыру, орталықтандырылған кітапхананың мөрін қою арқылы өңдеуден өткізу. РАБИС –бағдарламасын енгізу, электронды каталогқа енгізу. Соны мен қатар кітап қорын көп даналы ескі кітаптардан тозығы жетіп жыртылған кітаптарды есептен шығару арқылы жұмыс жүргізеді.

Кітап қорын толықтырудың ең маңызды бағыттарының бірі Мерзімді басылымдарға жазылу болып табылады. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 25 ауылдық кітапхана бір ауылдық балалар кітапхана, бір аудандық балалар кітапханасы және орталық кітапхана бар. Барлығы 28 кітапхана, осы кітапханаларды 70 атаудағы 631 жиынтық мерзімді басылымдар мен осының ішінде Республикалық, Ресейлік, Облыстық және жергілікті мерзімді басылымдарға жазылу жүзеге асырылуда. Басылымдардың тақырыптары: Мемлекет және Заң ғылымдары, балалар мен жас өспірімдерге, денсаулық сақтау медицина, дене шынықтыру спорт, Халықаралық қатынастар. Саясат, білім, ауыл шаруашылығы көркем әдебиет, кітапхана және т. б. басылымдар бар.

Контактілер

Мекенжай: Жангутты би 39
Телефондар: +77077027034
Сайт: Өту