Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Абонемент бөлімі

Абонемент бөлімінің пайдалану ережесі

     Абонемент – жеке қызығушылығы  бойынша қызмет көрсету немесе  оқырмандарға  құжаттар мен кітаптарды кітапханадан тыс жерлерде белгіленген уақытта қолдануға беретін кітапхананың жеке бөлімшесі;

16 – 24 жасқа дейін жасөспірімдер және әр түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлері  абонемент бөлімінен ақысыз қызмет алуға құқылы;

Кітапхана оқырманы  бір мезгілде  10  күн мерзімге үйге 5 данаға дейінгі кітаптарды алуға құқылы;

Құжаттар мен кітаптарды пайдалану  күні  кітапханашының  келісімімен 3  рет ұзартылады, егер  оларға басқа  тараптардан сұраныс болмаған жағдайда;

      Кітапханашы жүйелі түрде алынған құжаттар мен кітаптардың кітапханаға тиісті уақытында қайтарылуын қамтамасыз етілуі тиіс;

Құжаттар мен кітаптар кітапханаға қайтарылған жағдайда  «Оқырман  кітапшасына» кітапханашының  қолы қойылып, кітаптың қайтарылғандығы  расталады;