Кітап шоу 2023
-
Күні: 21:04:23
-
Оқиға орны: Жангутты би 39
Жуырда 23сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай қазақстан ұлттық кітапханасы дәстүрлі “Кітап шоу 2023”фестивальін республика көлемінде 21сәуір тойлады.
Аталмыш шараға Қазақстанның барлық қалалары,ауыл-аудандарының кітапханалары ат салысты.
Рухани жан азығын іздеген жанның ордасы болған аудандық қазыналы кітапханада бұл игі шарадан қалыс қалған жоқ.
“Кітап-рухани құндылық”атты тақырыпта аудандық кітапхана төрінде book party кеші жоғары деңгейде аталып өтті.
Кешке келген оқырмандар мәдениет үйінің алдында көздің жауын алып тұрған кітапхана қызметкерлерінің әр бөлімі әр түсті кітаптармен дайындаған, инсталяциялық көрмемен танысып,тамашалады.
Көрме кітаптарды насихаттау мақсатында заманауи үлгіде жасалды.
Атап айтсақ ақ түсті көрме ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның кітаптары болса, қоңыр кітаптар сарыарқа баспасынан шыққан көркем әдебиеттер. Ал,қызыл кітаптар қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың кітаптарымен безендірілсе, ортаңғы көрме “Денсаулық-зор байлық”атты медициналық кітаптармен ажарланып тұрды.
Мұндағы мақсат қоғамды,оның ішінде жастарды кітаппен дос болуға шақыру.
Аудандық кітапхана директоры Мейрамгүл Сансызбайқызы “Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы-даңғыл”-деп,ойлы оқырмандарды “Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнімен құттықтап”-жылы лебізін білдірді.
“Ән көңілдің ажары”-деп аудандық балалар кітапханасының қызметкері Думан Молдабеков кешті әсем әнімен жалғай түсті.