Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Кітапхана түні -2023 » акциясы.
Шет аудандық орталық кітапхананың ұйымдастырумен «Кітапхананың түнгі әлемі» атты кітапхана түні акциясы өткізілді. Кітапхана түні акциясы кітапхананың оқырман залынан бастау алды. Ақтоғай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен тәжірбие алмасуға арнайы келген әріптестеріміз «Бар қазақтың мақтанышы саналған –бұл ұлылар Ақтоғайдан жаралған» әдеби караван, «Квест» үстел үстіндегі ойынын көрсетті, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыратын ойындар әріптестерінің көңілінен шықты.Сондай-ақ Ақадыр көпшілік кітапханасы «Сәкен Сейфулин табиғат жыршысы» тақырбында, Бұрма ауылдық кітапханасы «Миллион кімге бұйырады» әдеби шоу өткізсе , Батық ауылдық кітапханасы «Кітап баға жетпес қазына» атты әдеби аукцион өткізді. Ауыл, кент кітапханашылары дайындаған қызықты іс-шараларға келген қонақтар белсене қатысып,сыйлықтарға ие болды. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ММ-нің бас маманы Г.А. Махмутова және кітапхана директоры М.Нурпеисова ашып өткізілетін іс шара барысымен таныстырып өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін кеш жалғасы кешкі уақытта, орталық саябақта өтті. Кітапхана түні акциясында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сытыбаев Орал Зәмірбекұлы мерекемен барша қауымды құттықтап, келешекте тәрбиелік мәні бар осындай кештердің жиі болуын тілге тиек етті.