Тел.: +7 705 777 7788 Кіру

Күлкі - өмірді ұзартады

Күлкі - өмірді ұзартады

1-сәуір күлкі күніне орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен “Күлкі - жанның шипасы” тақырыбында библиокафе ұйымдастырылды.

Кітапхана директорының орынбасары Рыскүл Досанқызы шараға келген ойлы оқырманды күлкі күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Оқырмандармен қызықты ойындар ойнатылып, әсем әндер шырқалды.
Кешке келген қалың оқырман да өз кезегінде кітапханаға деген алғыстарын жасырмады.
Кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі Елеубек Түсіпбеков домбырасын күмбірлетіп, қонақ кәде ретінде әсем әнін әуелетті.
Шараға қатысқан барлық зейінді оқырманға кітапхананың атынан естелік сыйлық табыс етілді.
Күлкі күніне орай жасалған мерекелік дастарханнан оқырмандар дәм татып, көңілді қайтты.